Сайлау учаскесіндегі ұлттық әуен
Өскеменде Құрылтай депутаттарын сайлау жалғасуда. Қаладағы №84 сайлау учаскесінде дауыс беруге келген тұрғындарды қазақ халық аспаптар оркестрі қарсы алуда. Өнер ұжымы түрлі әуен орындап, сайлаушыларға ұлттық өнердің үздік үлгілерін ұсынуда. Толығырақ әріптесім Нұртас Қайролдаев тарқатсын.
Қазақтың күмбірлеген күйі мен жанды музыкасы сайлауға келген тұрғындардың назарын бірден аударуда. Дауыс беріп болған жұрт өнерпаздардың орындауын ықыласпен тыңдап, ризашылықтарын білдіруде.
Альмира Самарбекқызы, қала тұрғыны:
Мен бүгінгі мейрам құрылтай сайлауына келдім. Бұл 84 сайлау учаскесінде осындай кермет патриоттық музыкалармен өзіміздің қазақ халық аспаптарымен қарсы алады. Өте керемет маған ылғи келген сайын керемет әсер аламыз.
Әбдірахман Дәуітов, қала тұрғыны:
84-сайлау учаскесіне өз таңдауымды жасау үшін келдім. Себебі бұл – біздің таңдауымыз. Біз еліміздің болашағын таңдаймыз. Қазақстанның болашағы үшін әр азаматтың дауысы маңызды деп ойлаймын. Музыка да керемет, нағыз қазақы әуендер орындалып жатыр. Осындай жақсы көңіл-күймен дауыс беріп жатқанымызға қуаныштымын.
Мұнда Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің студенттері өнер көрсетуде. Оркестр мүшелері сайлаушыларға Құрманғазы мен Дина Нұрпейісованың күйлерін орындады.
Ақжол Есімханов, «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы ШҚ өнер училищесі» қазақ халық аспаптар оркестрінің дирижері:
Жалпы біздің өнер учлилищесінің студенттері қазақ халық аспаптар оркестрінің сутденттері мерекелерде және маңызды мемлекеттіс іс-шараларда өнер көрсетеді. Бүгінгі мақсатымыз сайлаушыларға көтеріңкі көңіл-күй және жақсы атмосфера сыйлау.
Домбыра мен қобыздың үні дауыс беру сәтінде өзіндік мазмұн қосып, ұлттық өнер мен қоғамдық маңызды шараны сабақтастырып отыр.
Болат Қамзин, №84 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы:
Тәңертеңнен бері таңғы жетіде сайлау талаптарына сай әннұранмен жұмысымызды бастадық. Келушілердің легі жақсы учаске бойынша тұрғындарыдың. Жалпы келушілерге ұйымдастырған училищеміздің өнерпаздары оркестормен көтеріңкі көңіл күй сыйлауда. Сайлаушылардың бүгінгі көтеріңкі көңіл күйі солармен етене жақын болу. Бір жағынан бүгін мереке деп есептесек болады.