Құрылтай сайлауы - саяси жаңғырудың жаңа кезеңі
Құрылтай халқымызды ортақ мұратқа жұмылдырып, елдің өзекті мәселелерін бірге талқылайтын маңызды құрылым. Оның жұмысы елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуына жаңа серпін беріп, халықтың талап-тілегін ескеруге жол ашады. Бұл алаңда қоғамның түрлі саласына қатысты ұсыныстар айтылып, ел болашағына бағытталған маңызды бастамалар талқыланады. Алда өтетін Құрылтай да ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси шаралардың бірі болмақ. Осыған байланысты журналистер қауымы да өз пікірлерін ортаға салып, алдағы сайлаудың маңызы жөнінде ой бөлісті. Тілшілердің айтуынша, сайлау – халықтың таңдауын білдіретін маңызды үдеріс. Сондықтан оның ашық әрі әділ өтуі, тұрғындардың белсенді қатысуы және әр азаматтың өз таңдауына жауапкершілікпен қарауы айрықша мәнге ие. Медиа саласының мамандары Құрылтайдың ел мен қоғам арасындағы байланысты нығайтудағы рөліне тоқталып, халықтың көкейіндегі мәселелердің билікке жеткізілуі маңызды екенін атап өтті. Олардың пікірінше, алдағы Құрылтайдан күтілетін нәтиже ел дамуына тың серпін беріп, жұртшылықтың ұсыныс-пікірлерін нақты бастамаларға айналдыру.
Әдемі Амангелді, журналист:
23 тамызда еліміз үшін маңызды саяси шара – Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтеді. Бұл – елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі. Сайлау барысында азаматтар өз таңдауларын жасап, ел болашағына қатысты шешім қабылдауға қатысады. Алдағы сайлау елдің тұрақты дамуына, экономикалық өсімнің сақталуына және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған міндеттердің жүзеге асуына ықпал ететін маңызды қадам болмақ. Сонымен қатар бұл қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты нығайтып, халықтың ұсыныстары мен пікірлерін ескеруге мүмкіндік беретін саяси науқан. Сайлау күні әр азамат өз таңдауын жасап, елдің болашағына қатысты азаматтық ұстанымын білдіре алады.