Негізгі Жаңалықтар Діни тұрақтылық - басты назарда

Діни тұрақтылық - басты назарда

Өңірдегі конфессияаралық келісімді сақтау және діни тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде облыста 11 конфессияға қарасты 147 діни бірлестік пен 146 ғибадат орны жұмыс істейді. Заң талаптарын түсіндіру және алдын алу шаралары да тұрақты түрде жүзеге асырылуда. Бұл бағыттағы жұмыстардың барысы мен алдағы міндеттер өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында айтылды.

Конфессияаралық тұрақтылықты сақтау бағытының маңызды бөлігі – халық арасында жүйелі түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Өңірде дін мәселелері жөніндегі 14 ақпараттық топ жұмыс істейді. Олардың құрамында 214 маман бар. Сондай-ақ облыстық деңгейдегі топқа 65 адам тартылған. Алты айдың қорытындысы бойынша 15 нысаналы топпен жұмыс жүргізіліп, 1494 іс-шара ұйымдастырылды. Нәтижесінде 31 мың 70 адам қамтылды.

Ерболат Ошақбаев, Облыстық дін істері басқармасының басшысы:

Маңызды бағыттардың бірі- ақпараттық түсіндіру жұмыстарын сіздерге қысқаша тоқталып айта кетейін. Жалпы облыс аумағында 214 адам енгізілген 14 дін мәселелері жөніндегі ақпараттық түсіндіру жұмыстары жұмыс істейді. Біреуі облыстық деңгейдегі қазіргі құрамы 65 адамды құрайтын ақпараттық топ мүшелері бар. 2 қалалалық, 11 аудандық территорияларда орналасқан ақпарттық топ мүшелері бар. Барлығы 15 мақсатты топпен біз қазір жұмыс істейміз. Сол 15 мақсатты топпен 1494 іс-шара өткізіліп, қамтылған адамдардың саны 31070 адамға жетті 6 айдың қорытындысы бойынша.

Діни сауаттылықты арттырумен қатар, салаға қажетті мамандарды даярлау жұмыстары да күшейтілуде. Биыл дінтану бағыты бойынша білім алған 18 маман оқуын аяқтап, олардың екеуі жаңа орталыққа жұмысқа қабылданған. Қалған түлектер де тәжірибеден өтіп, діни бірлестіктердің қызметімен және саладағы заң талаптарын іс жүзінде меңгеруде.

Ерболат Ошақбаев, Облыстық дін істері басқармасының басшысы:

Қазіргі кезде С.Аманжолов атындағы университетте 18 маман білім алып, бітірді, дипломдарын алды. Біздің жаңадан ашылған орталыққа біз 2 маманды жұмысқа алып, қазір іс-тәжірибеден өткізіп жатырмыз. Жалпы 18 адам осы қыстан бері қарай біздің орталықта және біздің басқармада барлық тәжірибемен айналысты. Біз осы мына саяси клубқа және діни бірлестіктермен келісім арқылы олардың учереждениялары, зданияларына кіргізіп, қандай діни жоралғылар бар, заңды түрде қалай жұмыс істеу керек екенін жастарға практикалық сабақ түрінде өткіземіз. 

Аймақтағы конфессияаралық келісімді сақтау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. Негізгі басымдылық – діни бірлестіктермен өзара байланысты нығайтып, зайырлы мемлекет қағидаттарын кеңінен түсіндіру. 

Бекарыс Энгельс 


Бөлісу

Аймақтық телеарналар