Негізгі Жаңалықтар Қазақ вальсінің королі Ш. Қалдаяқовтың туғанына 96 жыл

Қазақ вальсінің королі Ш. Қалдаяқовтың туғанына 96 жыл

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде қазақ музыка өнерінің көрнекті өкілі, әйгілі композитор, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 96 жыл толуына орай көрме өтті. Жиынның мақсаты – қазақ музыкасының дамуына өлшеусіз үлес қосқан сазгердің өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау, оның әндерінің ұлттық мәдениеттегі маңызын кейінгі ұрпаққа таныстыру. Шәмші Қалдаяқовтың сырлы да әуезді әндері қазақ халқының рухани өмірімен біте қайнасып, халықтың жүрегінен ерекше орын алды.

Келушілер назарына вальс корольінің өмір жолы мен шығармашылық мұрасына қатысты құнды деректер мен мазмұнды материалдар ұсынылды. Көрме барысында композитордың сан қырлы шығармашылығы, қазақ музыка өнеріне қосқан өлшеусіз үлесі және халық жүрегінен ерекше орын алған әндерінің тарихы кеңінен таныстырылды. Сонымен қатар музейге келген қонақтарды композитордың көпшілік сүйіп тыңдайтын танымал әндері орындалатын музыкалық пианино қарсы алып, көрменің мазмұнын толықтыра түсті. Музыкалық әуендер келушілерге ерекше әсер сыйлап, Шәмші шығармаларының сырлы әлеміне енуіне мүмкіндік берді.

Талшын Садуақасова, Облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі:

Көрменің негізгі мақсаты- Ш.Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығын көпшілікке таныстырып, оның қазақ музыкасына деген қосқан өлшеусіз үлесін әндерін насихаттау болып табылады. Келушілер көрме барысында композитордың өмір жолы менен шығармашылығына қатысты материалдар мен таныса алады. Сонымен қатар музейге кірген бойда қонақтарды Шәмшінің әсем әндері орындаоған музыкалық пионино қарсы алады. Шәмшінің әндері халқымыздың рухани қазынасы біз осы көрме арқылы ұлы композитордың мұрасын жас ұрпаққа насихаттауды мақсат еттік. 

 «Қазақ вальсінің королі» көрмесі арқылы келушілер тұлғаның шығармашылық әлемімен жақынырақ танысып, қазақ музыкасының алтын қорына енген туындылардың тарихына үңілді. Көрме жас ұрпақты ұлттық өнерді құрметтеуге, мәдени мұраны бағалауға және көрнекті тұлғалардың өнегелі өмірін насихаттауға бағытталған маңызды мәдени шаралардың бірі болды. Осы орайда өткен жылдарын есіне түсіріп, есті естеліктерін еске алған Рауза Құрымбаева бүгінгі шара туралы өз пікірін білдірді. Оның айтуынша мұндай бір туар тұлғалардың туындылары халық жадынан ешқашан өшпеуі керек екендігін айтты.

Рауза Құрымбаева, қала тұрғыны:

Ұйымдастырған көрмелері өте жақсы, біз осы жаз кезден Шәмшінің әндерімен өскен адамдармыз. Қай тойда болсын қазақтың қай жерде болсада Шәмшінің әндері айтылып жатады. Шәмші деген қазақтың расындада қазақ вальсінің карольі дейдіғой ол рас. 

Шәмшінің мол шығармашылық мұрасы қазақ халқының рухани қазынасының ажырамас бөлігі. Оның жүрекке жылы, халыққа жақын әндері уақыт өткен сайын өз құндылығын жоғалтпай, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Мерейтойға арналған көрме де ұлы композитордың есімі мен өнерін дәріптеуге, оның қайталанбас шығармаларын кеңінен насихаттауға үлкен үлес қосты.

Нұрдәулет Қалибеков


Бөлісу

Аймақтық телеарналар