Негізгі Жаңалықтар Жас өнерпаздардың шығармашылық мектебі

Жас өнерпаздардың шығармашылық мектебі

Мемлекеттік қолдаудың игілігін көріп отырған «Samga» даму орталығы бүгінде балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған маңызды бастамаларды жүзеге асырып келеді. Жас өнерпаздардың шығармашылық мектебі жайлы сюжеттен көрелік. 

Әлия Көңілхан баласының сөйлеу мәнеріне, дыбыстарды дұрыс айтуына ерекше назар аударған. Осы бағыттағы алғашқы ізденістеріне театрдағы әріптестері мен кәсіби мамандардың кеңесі қолдау болды. Актерлік шеберліктің түрлі әдіс-тәсілдерін баласымен бірге тәжірибеден өткізіп, нәтижесін көрген ол балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға деген қызығушылығын арттыра түсті. Бүгінде бұл ізденіс «Samga» даму орталығында жалғасын тауып отыр. Мемлекеттік қолдаудың арқасында ата-аналар ваучерлік жүйе арқылы кезекке тұрып, балаларын актерлік шеберлік бағыты бойынша тегін оқытуға мүмкіндік алып отыр.

Әлия Көңілхан, «Samga» даму орталығының директоры:

Қазіргі таңда бізде мемлекеттік қолдау мен жұмыс жасайтын балалар саны – 52. Жалпы орталығымызда 61 бала білім алады. Біз санға емес, сапаға жұмыс жасаймыз. Бұл біздің актерлік шеберлік сабақ деген кезде жеңіл дүниені көреді, бірақ та біздің жұмыстың өте зеріктіретін жұмыс. Себебі бұл жерде кітап оқу керек, шығармаларды талдау керек, ол шығармаларды сипаттау керек, жазу керек, оқу керек деген сияқты дүниелер бар.

Осы жылдар аралығында орталық көрерменнің рухани ордасына айналып, ұлттық өнерді ұлықтау бағытында ауқымды жұмыстар атқарып келеді. Ұжым әр маусым сайын қоғамдық мәселелерді ашық көрсететін, тәрбиелік мәні зор туындыларды сахналауды дәстүрге айналдырған. Сахналанған әр шығарма — заман айнасы, қоғам шындығы.

Сырым Маратбекұлы, «Samga» даму орталығының тәлімгері:

«Қара пиманы» қойдық Ұлықбек Есдәулетовтың. Саят қамшыгердің аударуымен жазылған «Тастамашы ана» қойылымын қойдық. Абайдың «Болыс болдым мінеки», «Жасыл көз», М.Әуезовтің «Көксерек» желісі қойылды балаларға. Әр түрлі жанрда.

Мұнда қатысып жүрген әрбір бала үшін орталықтың орны ерекше. Себебі мұнда балалар өз қабілетін шыңдап қана қоймай, сахна мәдениетін меңгеріп, өзіне деген сенімін арттырады.                                          

Малика Сағиева, «Samga» даму орталығының қатысушысы:

Өзімнің ең сүйікті рөлдерімнің бірі – Маврида Нұрғалиқызының рөлі. Себебі онымен екі түрлі адамбыз деуге болады. Мавлида өте қатал адам болса, мен өзім өте жұмсақ мінезді адам болып келемін. Мавлиданы ойнау қиынға да соққан жоқ.

Мұнда әр бала сахнаға бейімделіп қана қоймай, өнерді тануға, өз ойын еркін жеткізуге және шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік алады. Мемлекеттік қолдаудың арқасында мұндай мүмкіндікке ие болған балалардың қатары да артып келеді.

Аяулым Усинова

Бөлісу