Негізгі Жаңалықтар «Oskemen Life» жазғы фестивалі өтті

«Oskemen Life» жазғы фестивалі өтті

Облыс орталығында Oskemen Life Fest фестивалі өтті. Үшінші мәрте ұйымдастырылған шараға қала тұрғындары белсенді қатысты. Мұнда ашық аспан астында концерттер ұйымдастырылып, түрлі тақырыптық алаңдар жұмыс істеді.

Oskemen Life Fest қала тұрғындарының оң бағасына ие болғандықтан, биыл үшінші рет ұйымдастырылды. Бір күнге қала орталығы түрлі жастағы тұрғындардың басын қосқан ашық мәдени кеңістікке айналды. Жұртшылық жазғы кештің ерекше атмосферасын сезініп, керемет әсерге бөленді. 

Ануар Ахметқалиев, Өскемен қ. Креативті индустрияны дамыту орталығы директорының орынбасары:

Балаларға да қарастырамыз зоналарды, үлкендерге де, жасөспірімдерге де, қарияларымызға да, ата-апаларымызға да қарастыруға тырыстық барлығын. Әр өткен сайын өзгертуге тырысамыз. Бұл енді фотозона болсын, аркалар болсын, соның барлығын бейімдеп, одан әрі қызықты қылып жасауға тырысамыз. Одан кейін креативті идеялар, кәсіпкерлерге айтатын. Одан кейін аниматорлар да ауысады. Жүргізушілер ауысады, зона ауысады. Құндылықтар да енді-енді жетіп жатыр. 

Фестивальдің әлеуметтік әрі пайдалы бастамаларының бірі – кітап пен ойыншық алмасуға арналған алаңдар. Тұрғындар оқып болған кітаптарын немесе пайдаланбайтын ойыншықтарын әкеліп, өзіне қажетті дүниеге айырбастай алды. Сонымен қатар, қолөнершілердің жәрмеңкесі де ұйымдастырылды. 

Раушан Қайсанова, қолөнер шебері:

Мен декіреттегі анамын. Түнделетіп жасаймын. Бүкіл стерстің бәрін түсіреді украшение жасау. Бағаларды тиімді қылғым келеді адамдарға. Көбі бағаны көтеріп жібереді. Алғысы келетін адам көп. Бірақ, бағасы қымбат болғанна алмайды. Ал баға тиімді болғанда адамдар жақсы алады. 

Oskemen Life Өскеменнің жазғы мәдени тынысын жандандыратын тұрақты жобалардың біріне айналып келеді. Фестивальдің басты ерекшелігі – қала тұрғындарына бір күннің аясында өнер мен спортты, музыканы және отбасылық демалысты қатар сезінуге мүмкіндік беруінде. Мұндай ашық алаңдар қаланың тынысын жаңғыртып қана қоймай, тұрғындарды ортақ кеңістікте бас қосып, бірге уақыт өткізуге шақырады.

Кәусар Идаятқызы

Бөлісу