Негізгі Жаңалықтар Ата кәсіптен ажырамаған ауыл

Ата кәсіптен ажырамаған ауыл

Зайсан ауданы ежелден сауда-саттығымен, балық шаруашылығымен қатар тары өсіру кәсібімен де танымал. Бұл өңір халқының атадан балаға мирас болып келе жатқан дәстүрлі кәсібі. Бүгінде Зайсанның ақ тарысы жоғары сапасымен ерекшеленіп, еліміздің әр өңіріне ғана емес, көршілес Қытай еліне де экспортталады. Сұранысқа ие өнім аудан экономикасының дамуына үлес қосып, жергілікті тұрғындардың тұрақты табыс көзіне айналған.

Әсіресе, Қарабұлақ ауылында ақ тары шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Мұнда 100-ден астам отбасы осы кәсіп түрімен айналысады. Көктемде егіс алқабына дән сеуіп, жаз бойы күтіп-баптаған диқандар күзде мол өнім жинап, оны өңдеп, ішкі және сыртқы нарыққа шығарады. Шаруалардың айтуынша, тары өсіру үлкен еңбек пен төзімділікті талап етеді. Соған қарамастан, бұл кәсіптен қол үзбеген ауыл тұрғындары ата кәсібін сақтап, оның дамуына ерекше үлес қосып келеді.

Нүрипә Мақсат, кәсіпкер:

Отбасылық кәсіп. Жүздің үстінде семья осымен айналысады. Біз ол тармызды қуырамыз, өзіміздің ауылымзда бауырымыз бар комбайынымыз бар алатын. Техникамыздың бәрі жақсы. Тарымзды өзіміз әкеп қуырып, базарға сатып, әр түрлі жерлерге жәрмеңкеге барамыз. Астана, Өскемен, қай жерде жәрмеңке болады. Одан кейін мына көршілес Қытай еліне өткіземіз. Жақсы күнделікті үйден де алып кетеді кісілер. 

Бүгінде Қарабұлақ ауылы ақ тары өсірудің орталығына айналған. Бұл жерде өндірілген өнім өзінің табиғи сапасы мен дәмінің арқасында тұтынушылар тарапынан жоғары бағаланып, шетелдік нарықта да сұранысқа ие. Бұдан бөлек аталған ауыл тұрғындары тары мен қатар басқа да дақыл егумен айналысады. Әсіресе егін шаруашылығы да жақсылап жолға қойылған.

Самғар Алтынбек, жас кәсіпкер:

Бізде егін егеміз, тары, бидай, және тағыда басқа шаруашылықтармен айналысамыз. Тағы да басқа мал шаруашылығымен айналысамыз. Ал мысалағ артымда тұрған аппараттар ол бидай тартамыз, жарма, жем, тары тартамыз. Өте көп аппараттар бар шаруашылықта істететін. 

Осылайша, Зайсанның ақ тарысы ауданның ғана емес, Республиканың брендіне айналып келеді. Тоғыз жолдың торабына айналған бұл аудан жылдан жылға ауқымын кеңейтіп, қанатын кеңге жаюда. Ата кәсіпті ту еткен ағайындардың көші әлі де көбейетініне сенім мол.

Бөлісу