Негізгі Жаңалықтар «Самаурын SAZ»: ұлттық мұраны ұлықтаған көрме

«Самаурын SAZ»: ұлттық мұраны ұлықтаған көрме

Қазақы қонақжайлықтың, ұлттық салт-дәстүрдің ажырамас белгісіне айналған самаурын мәдениеті бүгінде қайта жаңғырып келеді. Осы мақсатта Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Самаурын SAZ» атты этно-көрмелік іс-шара ұйымдастырылды. 

 «Самаурын SAZ» этно-көрмелік іс-шарасын Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының қолдауымен Облыстық тарихи-өлкетану музейі ұйымдастырды. 

Көрмеде әр кезеңде қолданылған самаурын түрлері, шай ішу дәстүріне қатысты тұрмыстық бұйымдар мен тарихи жәдігерлер көпшілік назарына ұсынылды. Келушілер қазақ халқының шай мәдениеті, қонақ күту әдебі және ұлттық мұраның ерекшеліктерімен танысты.

Альфия Бақбаева, Облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары:

Біздің музей қорымызда өте жақсы сақталған самаурындарымыз бар, 1882 жылғы. Жезден, мыстан жасалған. 1914 жылғы және де 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдағы самаурындарымыз бірнеше топтамаларымыз көрсетілуде. 

Іс-шара барысында ұлттық әуендер шырқалып, дәстүрлі өнер үлгілері көрсетілді. Сонымен қатар музей қызметкерлері жәдігерлердің тарихына тоқталып, олардың мәдени құндылығы туралы мағлұмат берді. Мұндай танымдық шаралар ұлттық құндылықтарды дәріптеп қана қоймай, жас ұрпақтың тарихи-мәдени мұраға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған. Асықтан, былғарыдан және ой-қиялымыздан туған басқа да бұйымдар бар. Солардың бірі – кәрі жіліктен жасалған бұйым», – дейді Семей қаласының шебері - Сұлтан Уәлиханов.

Сұлтан Уәлиханов, шебер (Семей қ.):

Бұрынғы кәрі жілік аңыз-әңгіме бар, әпсаналар бар. Кәрі жілік малдың күзетшісі ретінде жүреді. Асықтан бұйым жасаймыз. Асығы алшысынан түссін деген ниетпен бұрынғы асықтар қолданыстарға қалмай, қалып кетті де. Соны біз күнделікті қолданысқа енгізу мақсатында сувенирлер жасап жүрміз. 

Осындай этно-көрмелер ұлттық мұраны дәріптеп қана қоймай, ата-баба өнерін бүгінгі ұрпаққа таныстырып, дәстүр сабақтастығын нығайтуға ықпал етеді.

Аяулым Усинова

Бөлісу