Шығыста халықаралық велобәйге өтуде
Облыс орталығында бірнеше күнге созылған веложарыс бастау алды. Республикалық деңгейде өткізіліп отрыған додаға елдің жас спортшыларынан бөлек көршілес мемлекеттен де жас велошабондаздар келіп қатысуда. Аталған бәсеке биыл 56 шы рет өткізіліп отыр. Жалауын көтерген бұл сайыс 18 жасқа толған жасөспірімдер арасында өткізілуде.
Халықаралық дәстүрлі «Қазақстан оқушысы» веложарысы биылда етегін түрді. Бұл көпкүндік дода жеті кезеңнен тұрады. Жарыс барысында спортшылар күн сайын орта есеппен 80 шақырымды еңсереді. Әр кезеңнің уақыты қорытындыланып, жалпы есеп бойынша жеңімпаздар анықталады. Ауқымы кең велобәйге халықаралық деңгейде өткізіліп, оған көршілес Өзбекстан елінің де жас саңлақтары келіп қатысуда.
Денис Чаюк, велошабандоз:
Өзбекстаннан келдім. Велоспортпен айналысып жүргеніме төрт жыл болды. Қазақстан оқушыларының дәстүрлі веложарысына екінші рет қатысып отырмын. Бұған дейін Петропавлда, Талдықорғанда және Қашқадарияда өткен жарыстарда да бақ сынадым. Мұнда бәрі өте ұнайды. Табиғаты әсем, адамдар жылы қарсы алады. Жарыстың ұйымдастырылу деңгейі де өте жоғары.
Жарысты ұйымдастырушылар аталмыш дода жастарға шабыт беріп қана қоймай, осы спорттың елде де ауқымы кеңейіп келе жатқанын тілге тиек етті. Сондай – ақ велобәйгені ұйымдастыруға атсалысқан облыс әкімдігіне тұрақты қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін өз алғыстарын білдірді.
Нұрберген Нұрлықасым, жарысты ұйымдастырушы:
Иә, осы 56 рет өткізіп жатырмыз, осы Шығыс Қазақстан әкімдігіне алғысымызды білдіреміз, үйткені жыл сайын бізге көмектеседі. Бұл жарысқа тоғыз облыстан және Өзбекстан елінің командасы келді. Жалпы санын алған 80-100 адамдай қатысуда. Бұл жарыс негізі өте маңызды болып есептеледі.
Байрақты бәсеке Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бастамасымен ұйымдастырылуда. Бағдарламаға жекелей және топтық жарыстар енгізілген. Ал қатысушылар 25, 40, 80, 84 және ең ұзақ 90 шақырым қашықтықтарда өзара мықтыны анықтайды.