Шығыс Қазақстан облысында биылғы жарты жылда еңбек заңнамасының сақталуына бақылау күшейтілді. Осы кезеңде Мемлекеттік еңбек инспекторлары 1400-ден астам азаматтың өтінішін қарап, екі жүзден астам тексеру жүргізген. Нәтижесінде жүздеген заң бұзушылық анықталып, жұмыс берушілерге нұсқамалар берілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Бақытбек Қизатов мәлімдеді. 

Жыл басынан бері департаментке жеке және заңды тұлғалардан 1440 өтініш түскен. Оның басым бөлігі еңбек қатынастастарына қатысты. Ал қалғаны еңбек қауіпсіздігі мен халықты жұмыспен қамту мәселелері. Алты ай ішінде мемлекеттік еңбек инспекторлары 211 тексеру жүргізіп, 261 заң бұзушылықты анықтады. Оның 80 пайызы жойылған. Заң талаптарын бұзған жұмыс берушілерге қатысты 48 әкімшілік хаттама толтырылған. 

Бақытбек Қизатов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы:

Өндірістік жарақаттану деңгейі бойынша бізде алты айда 52 жазатайым оқиға тіркеліп, 62 адам зардап шекті. Соның ішінде 4 адам қаза болды. 36 ауыр жарақақат алды. 18 жеңіл. Сонымен қатар 3 топтық жазатайым оқиға болып, онда 13 адам зардап шекті. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырсақ өндірістік жарақаттар деңгейі өсті. Өліммен оқиғалар саны төмендеді. 

Бұдан бөлек, еңбек қатынастарын цифрландыру жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда облыста 717 ұжымдық шарт цифрландырылған. Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне мәліметтерді енгізу және міндетті зейнетақы жарналары бойынша сәйкессіздіктерді жою бағытындағы көрсеткіштер де кезең-кезеңімен жақсарып келеді.

Бақытбек Қизатов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы:

Екінші айта кетейін деп отырғаным міндетті сақтандыру туралы. Әрбір жұмыс орны міндетті түрде абайсыздық жағдайдан сақтандырылуы керек. Заң да көрсетілген. Талаптар боцынша әрбір мекеме мемлекеттік пе, жеке үлкен, ірі ме орташа ма қарамастан ол орындарын сақтандыру керек. 

Сонымен қатар, еңбек заңнамасын түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Жыл басынан бері еңбек инспекциясының мамандары 600-ден астам азаматқа еңбек қатынастарына қатысты құқықтық кеңес берген.

Гүлдана Айдарқызы