Облыста әкімшілік рақымшылықтың қорытындысы жарияланды. Нәтижесінде өңірде 32 мыңнан астам азамат әкімшілік жауапкершіліктен босатылып, жалпы сомасы 880 млн. теңгеге жуық айыппұл бойынша іс жүргізу тоқтатылды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте полиция өкілдері рақымшылық аясында 60 мыңнан астам әкімшілік іс қысқартылғанын мәлімдеді. Барлық рәсім автоматты түрде жүргізіліп, шешімдер бірыңғай әкімшілік іс жүргізу жүйесі арқылы қабылданған. Азаматтарға бұл туралы SMS-хабарламалар жолданған. Тәртіп сақшылары бұл бір реттік ізгілік шарасы екенін еске салып, алдағы уақытта әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін заңнамаға сәйкес жауапкершілік сақталатынын айтты.

Нұрлан Жарлығақов, Облыстық ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары:

Қабылданған шаралар әрбір азаматқа жеткізілді.Негізгі рақымшылық көлік құралын пайдалану барысын бұзу, ұялы телефонды пайдалану, жәнә тәртіптік шараларды құқық бұзу қысқартылды.