Еліміз маңызды саяси кезең қарсаңында тұр. 23 тамыз күні Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді. Бұл - қоғам мүддесін білдіретін өкілдерді таңдап, ел өміріндегі елеулі шешімдердің қабылдануына үлес қосуға мүмкіндік беретін маңызды оқиға. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір кәмелетке толған азаматтың сайлау құқығына кепілдік береді. Сондықтан әр азамат өз таңдауын жасап, елдің ертеңіне қатысты азаматтық ұстанымын білдіретін маңызды мүмкіндік.
Сайлау - азаматтардың өз еркін білдіріп, елдің қоғамдық-саяси дамуына қатысуының заңмен бекітілген мүмкіндігі. Дауыс беру арқылы тұрғындар қоғам мүддесін қорғайтын өкілдерді таңдауға атсалысады. Сондықтан сайлауға белсенді қатысу - азаматтық жауапкершілік.
Гүлмира Байркенова, заң ғылымдарының кандидаты:
Олар сайлауға саналы түрде қатысу үшін партиялардың бағдарламаларын білу керек, партиялық тізімдегі тұлғалардың өмірлік жүйесін білу керек, тану керек. Сондай-ақ қандай жауапкершілік деңгейі бар, азаматтар осыны білу керек. Яғни бұл келе жатқан сайлау ҚР азаматтарынан жоғары саяси және құқықтық мәдениет талап етеді.