Зайсан көлінің жағасында балық аулап, тіршілігін осы кәсіппен байланыстырған жандар аз емес. Солардың бірі – Тұрсынбек Ануарбекұлы. Бала кезінен балық аулауға араласқан ол, бүгінде бұл кәсіптің қыр-сырын жетік меңгерген.
Балық аулау жергілікті халықтың өмір салтына айналған. Көлмен біте қайнасып, бүкіл ғұмырын осы Зайсанның жағасында өткізіп келе жатқан жандардың бірі - Тұрсынбек Ануарбекұлы. Еңбекке ерте араласқан ол, балықшылықты бала күнінен кәсіп еткен. Көлдің тынысын, желдің бағытын, толқынның мінезін айтқызбай ұғатын көнекөз балықшы.
Тұрсынбек Ануарбекұлы, балықшы:
Енді бұл атадан балаға қалған ата кәсіпқой. Басқа енді жағалауда тұрғана кейін басқа кәсіп жоқ. Тек қана осы жағадағы Жолнұсқау, Ақсуат ауылдары ата кәсіп балықпен ғана айналысамыз. Сол әскер қатарынан келген кейін балықшы болып жұмысқа орналастық. Зайсан көлінде жергілікті балық сазан, алабұға, шортан, көксерке, сазан, шортан балықтары осы жерде тұрғылықты мекендеп, өседі.
Бұрын балық аулау көп күш пен қол еңбегін талап ететін. Қазір заман талабына сай жаңа құралдар мен техникалар пайда болып, балықшылардың жұмысы біршама жеңілдеген. Дегенмен, бұл кәсіп әлі де төзімділік пен тәжірибені қажет етеді,
Тұрсынбек Ануарбекұлы, балықшы:
Қай жұмыстың болмасын жеңілдігі жоққой енді. Балықшының жұмысы қыс кезінде 40 градус аязда таңның атысынан, күннің батысына дейін кезінде әкелеріміз, аталарымыз, өзімізде шет жағасын көрдік. Сол таңғы төрттен тұрады. Мынау Зайсан көлі қыс кезінде 1 метірге дейін мұз болып қатады. Ол кезде қазіргідей техника жоқ, бәрін қолмен жұмыс. Ол кезде ауда жоқ, құрық саламыз. Сол көлдің бетін бір бригада да 12 кісі болса, оның 6 құдықшы, ойып шығамыз. Сол көлдің астынан балық аулаймыз.
Зайсанның несібесі тек балықшылардың еңбегімен шектелмейді. Көлден ауланған балықты өңдеп, түрлі тәсілмен дайындап, саудаға шығаратын жандар да бар. Солардың бірі бұл іспен 30 жылдан бері айналысып келе жатқан кәсіпкер - Бақытгүл Сәбиева.
Бақытгүл Сәбиева, кәсіпкер:
Балықты көлден алып келгенен кейін тазалаймыз, жуып-шәйіп, тұздап, екі сағат тұзда тұрады. Одан кейін сорғытамыз 1 сағаттай. Капилькаға сағдарға салып, ол жанып болғанан кейін соның түтініне салып, бетін жабамыз. Бір сағат, жарты сағат тұрады. Одан сущенный да істейміз. Одан фаршта жасаймыз сылып бәрін. Свежый да тазалап, мұз қылып қатырып әкеліп те сатамыз.
«Еңбек түбі – береке» демекші, Зайсанның жағасында маңдай терімен нәпақасын тауып жүрген балықшылар үшін бұл көл – тіршілік көзі. Табиғатпен тіл табысқан жандар көгілдір айдынның байлығын сақтап, келер ұрпаққа жеткізуді мақсат етеді.
Кәусар Идаятқызы