Өңірдегі шаруалар биыл алдағы қысқа ерте қамданды. Өйткені аймақта қуаңшылық болып тұр. Оған қарамастан қорасында малы бар тұрғындар бүгінге дейін қажет жем-шөптің 50 пайызын даярлады. Ал облыста осы көктемде 124 мың гектар жерге малға азық болатын дақыл егілді. Қыстың қамын жаз ойлап, шаппаға шалғы салған шаруалардың жайын тілші тарқатады,
Бұл негізі кеше түскен шөп.Бәрі қурады, кепті. Қазір бір айырының өзі алтынға бағаланып тұр.
Алтын болмаса маңдай термен келген еңбек. Сондықтан әр талы бағалы. Айыртау ауылында тұратын - Арман Табыс шабындыққа шалғысын ерте салды. Өйткені азғана малы алғашқы қар жауған күннен бастап, қораға қамалады.
Арман Табыс, Айыртау ауылының тұрғыны:
Маған енді 15 тіркеме шөп тұр. Әлі 10 тіркеме шөп керек. Былтрығы шөбім қыста аз болып қалды. Былтыр малда көтерем көп болды.
Арнайы шабындығы жоқ отбасылар өзен бойы мен орман-тоғайдың арасын орады. Ал ірі шаруашылықтар шабындыққа маусым айында шалғы салды. Өйткені пішенді қуармай тұрып бастырып үлгеру керек.
Қуанышбек Отарбаев, шаруашылық жұмысшысы:
Таң атқаннан шығамыз. Кеш батқанша жүреміз. Трактордан түспейміз.Өйткені малға азық керек.СКЛ Сол жаппай жанталасып жұмыс істеп жатырмыз.
Жанталасқан нәтижеге жетеді.Қуаңшылық деп қарап отырмай, шалғыға ілінгенін алып жатыр. Есесіне таудың шөбі құнарлы болады.
Дамир Асанов, Агрокешеннің атқарушы директоры:
Қазіргі таңда шөпті шауып жатырмыз 50 пайызын шауып тастадық. Бізге мына жылға 3 мың руллон керек болып тұр. Қазіргі таңда бір жарым мыңын алдық. Жақсы жерінен.
Жердің жаманы жоқ.Тек әркетке қарай берекеті.Тек ерте қимылдаған жан еселеп алмаса да есебін табады.Ал облыста жалпы 280 мың гектар шабындық, 2 миллион 457 мың гектар жайылым бар. Өңірдегі 679 мыңға жуық төрт түлікке алдағы қыста 1 миллион 630 мың тонна жем-шөп қажет. Алайда аптап ыстықтан шабындығының аңқасы кепкеп ауыл тұрғындарына ұлттық парк пен орман шаруашылықтарынан шөп дайындауға рұхсат берілді.
Дамир Мәмиев, Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
Ұлттық парктерде 269 мың гектар жайылымдық бар.15 мың гектардан аса шабындық бар. Оны ауыл шаруашылығы құрылымдар жеке қосалқы шаруашылықтар өздері билеттерін алып шауып алуға болады.
Шығыста шөп қана емес, дәнді және майлы дақылдың өсімі де көңіл көншітпейді. Сондықтан шуаруалар біртіндеп жаңбырлатып суаратын құрылғыларды орнатып жатыр.