Құрылтай – ел дамуының маңызды кезеңі
Еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде азаматтардың пікірін ескеру, қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты нығайту бағытындағы жұмыстар жалғасып келеді. Осы үдерісте Құрылтай алаңының маңызы ерекше. Мұнда ел дамуының басым бағыттары, қоғамдағы өзекті мәселелер және халықтың ұсыныс-пікірлері талқыланады. Құрылтай – түрлі сала өкілдері бас қосып, ортақ мәселелерді көтеретін, ел болашағына қатысты бастамалар сараланатын маңызды қоғамдық алаң. Оның жұмысы азаматтардың белсенділігін арттырып, қоғамдағы диалог мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Бүгінде саяси және қоғамдық өзгерістерге қатысты әр саланың өкілдері өз көзқарастарын білдіріп, ел дамуына қатысты ойларын ортаға салуда. Қоғамдық жауапкершілік пен белсенді ұстаным – тұрақты дамудың негізгі факторларының бірі.
Сымбат Рамазанов, ШҚО кәсіпкерлер Палатасының туризм кеңесінің төрағасы:
Әр мемлекеттік даму деңгейлері болады. Біз де сондай этаптан өтіп жатырмыз деп ойлаймын. Конституцияға өзгерістер енгізілді. Алдағы уақытта үлкен сайлау келе жатыр құрылтай. Менің айтқым келетіні біз мұндай дүниелерге бей-жай қарамауымыз керек. Әр азаматтың ұстанымы бар. Сондықтан осындай үлкен сайлау науқандарына міндетті түрде қатысып, өз дауысымызды беріп, ел дамуына және елдің ары қарай өсуіне өз үлесімізді қосуымыз керек деп ойлаймын. Барлық Қазақстандықтарды осы құрылтайға қатысуға шақырамын. Ал әр кім қандай партияға дауыс береді, ол үшін әр партияның сайлау алды бағдарламасымен танысып әр-кім ол шешімді өзі қабылдайды деп ойлаймын.
Нұртас Қайролдаев