Негізгі Жаңалықтар Құрылтай сайлауы: маңызды саяси науқан

Құрылтай сайлауы: маңызды саяси науқан

Құрылтай мемлекет дамуының басым бағыттарын айқындайтын заңдарды қабылдайтын негізгі заң шығарушы институт. Сондықтан алдағы дауыс беру науқаны биылғы жылдың ең маңызды қоғамдық-саяси оқиғаларының бірі саналады. Азаматтардың таңдауы жоғары заң шығарушы органның құрамын айқындап қана қоймай, ел мен қоғамның мүддесіне сай қабылданатын заңдар мен шешімдерге де тікелей ықпал етеді. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Денис Рыпаковтың айтуынша, сайлауға қатысу – әр азаматтың азаматтық жауапкершілігінің көрінісі әрі мемлекет болашағына өз үлесін қосудың маңызды мүмкіндігі.

Денис Рыпаков, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы:

52-бабқа сәйкес, Құрылтай – Қазақстан Республикасындағы ең жоғары өкілді әрі заң шығарушы орган. Ал 54-бапта Құрылтай депутаттарын сайлау тікелей, жалпыға бірдей және тең сайлау құқығы негізінде жүзеге асырылатыны көрсетілген. Сондықтан 23 тамызда әрбір азамат өз конституциялық құқығын пайдаланып, дауыс беруі маңызды.Өйткені біз сайлайтын депутаттар мен қолдау білдіретін саяси партияларға қарай еліміздің ертеңі, қабылданатын заңдардың мазмұны айқындалады. Сондықтан бұл саяси науқанға үлкен жауапкершілікпен қарауға шақырамын. 
Бөлісу