Құрылтай сайлауы: жастар азаматтарды белсенділік танытуға шақырады
Құрылтай сайлауы қарсаңында Шығыс Қазақстанның жастары өңір тұрғындарын бейжай қалмай, азаматтық белсенділік танытуға шақырады. Жас белсенділердің пікірінше, әрбір дауыс маңызды. Ал сайлауға қатысу – елдің болашағына өз үлесін қосудың нақты мүмкіндігі.
Жігер Сәрсенбаев, «Алтай жастары» медиа-орталығының қызметкері:
Мемлекеттің болашағы ол тікелей біздің дауысымыздың қолында. Менің ойымша қазіргі таңда барлығымыз түсіну керекпіз менің бір ғана дауысым ештеңе шешепейді деген түсінік ол мемлекетті дамытпайды деп ойлаймын. Мемлекеттік жауапкершілікті өз мойнымызға алатын болсақ менің дауысым осы мемлеккетті өзгертуге деген бір түсінік қалыптасса, барлығымыз белсенді болсақ ол тек қана мемлекетіміздің дамуына тікелей әсер етеді деп ойлаймын.
Жастардың пікірінше, сайлауға қатысу – бұл азаматтық құқықты жүзеге асыру ғана емес, сонымен қатар елдің болашағын айқындауға және мемлекеттің дамуына өз үлесін қосуға берілетін маңызды мүмкіндік.
Салтанат Кеңесбекқызы