Жырмен өрілген рухани кеш
Мәдени туризмді дамыту, тарихи мекендердің рухани құндылығын дәріптеу бағытында Шығыс Қазақстанда ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Соның бірі – табиғаты көркем Марқакөл өңірінде өткен «Марқакөл – Шығыстың маржаны» фестивалі. Шара аясында ақындар айтысы мен поэзия кеші ұйымдастырылып, облыстың түпкір-түпкірінен келген сөз шеберлері бас қосты.
Айтыс барысында ақындар туған жердің қадір-қасиетін, елдік мұратты, табиғат пен дәстүр сабақтастығын арқау етті. Суырыпсалма өнер иелері қоғамдағы өзекті мәселелерді де өткір әзілмен, уәжді ойменмен жеткізе білді.
Нұртай Тілеужан, қазылар алқасының мүшесі:
Киелі Марқаның төрінде мемлекет басшыларының қолдауымен, облыс әкімінің қолдауымен елді-мекенде жарнама жасауға Марқа шаңырағын қайта құрып, киелі көлдің жағасында бұрын соңды болмаған айтысы өтті. Бүгінгі айтыс бұрынғыдан өзге болды. 10 ақыннан 5 жұп айтысқа шықты. 5 жұп іріктелді. Оған 5 төреші қазылық еттік. Халық көріп отырды. Өз мәресіне жетті халықтың қолдауымен керемет айтыс өтті.
Рүстембек Кемешев, Марқакөл ауданының әкімі:
Ақындардың майын тамызып тұрып, мынау ғұлама ақындарымыздың сөздерін айтып, біздің жерді, біздің елді бағалап, өзіміздің тұрғындарың өзіне туған жерлерінің қандай екенін дәлелдеп атап өтіп берді. Сондықтан әр азаматқа және әр жыршыға тағы да биікке самғай беріңіздер. Керемет кеш көрсетіп жатқандарыңызға өз атымнан алғысымды білдіремін.
Ақындар айтысының қорытындысы бойынша жүлдегерлер анықталды. Бірінші орын Зайсан ауданынан келген Нәрия Ақбабақызына бұйырды. Екінші орынды Тарбағатайлық Жұлдызай Маратбекқызы мен Зайсандық Қуатбек Қуанар иеленді. Ал үшінші орын Катонқарағай ауданынан келген Гүлжан Ықылас пен Зайсандық Ардабек Ақбабаға берілді. Аламан айтыстың бас жүлдесі Өскемен қаласының ақыны Айдос Рашатқа табысталды.
Айдос Рашат, айтыскер ақын:
Керемет табиғаттың, сұлу табиғат аясында. Мөлдір көлдің жағасында. Керемет көңіл күйде аламан айтыс өтті. Айтыс тартысты өтті. Айтысқа келген көрерменнің қара өлеңге шөліркегені, шөлдегені көрініп тұр. Әр қиқудан, айтылған сөзге мұқият тыңдап қол соғып керемет қарсы алып отыр. Сол аламанда бағымыз жанып 500 теңге бас бәйгені ұлып алған жайіміз бар. Бұрын да талай додалардан алып жүрміз. Дегенмен де осындай табиғат аясында ұймдастырған айтыстың бөген айы бөлек. Мен үшін республикалық айтыстармен мәртебесі пара-пар.
Фестиваль аясында ақындардың қатысуымен поэзия кеші де өтті. Шарада қаламгерлер Марқакөлдің көркем табиғатын, өлке тарихын, туған жерге деген сүйіспеншілігін өлеңмен өрнектеді. Бұл кеш жас буынның әдебиетке қызығушылығын арттырып, қазақ поэзиясының дамуына үлес қосты.
Әскерхан Ақтай, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі:
Бұл шараға жалпысы Қазақстан жазушылар одағының Шығыс Қазақстандағы өкілі Әлібек Қаңтарбаев ағамыз іріктеу жасап, 8 ақынның таңдаулы өлеңдері іріктеліп алынып, осы шараға 8 ақынды бастап келдім. Жалпы талап бойынша Марқакөлге арналған 1 өлең және еркін тақырыптағы 1 өлең жалпы ақындар 2 көлеңен оқып, сый-сиапатқа ие болып жатыр. Бұл облысымызда мәдени туризмның дауына үлкен ықпал етіп жатыр. Сондай ақ, қазақ әдебиетін қолдауға үлкен ықпал етіп жатыр.
Поэзия кешіне қатысқан ақындар шығармашылық дайындығы мен шеберлігін танытты. Әр ақын Марқакөлдің табиғатын жырларына арқау етіп, көрген әсерін, жүрек толғанысын көрерменмен бөлісті.
Естай Жаңабай, ақын:
Жалпы мұндай мәдени туризм әр аудандарда өтіп жатыр. Өткен айда Катонқарағайда енді міне Марқакөлде соның жалғасын тауып жатыр. Қазір поезия кей бір облыстарда мүшейра өткізіп жатады. Шығыс Қазақстан облысы осындай фестиваль түрінде өткізіп жатыр. Әр ақынға 100 мың теңге көлемінде қаламақы тағайындаған.
Құндыз Тасқынбек, ақын:
Жалпы өткен фестиваль өз деңгейінде өтті. Алдағы уақытта жалғасын тапса деген ниеттеміз. Алтайға алқа болып тағылған осы Марқакөлдің тарихы туралы көптеген ақын жырлады. Бірақ сол сұлулықты көзбен көріп жырлау өте басқа сезім деп ойлаймын.
Марқакөл төріндегі жыр мерекесі өңірдің мәдени шежіресіне енген ерекше шаралардың бірі болды. Ақындар айтысы мен поэзия кеші арқылы ұлттық өнердің өрісі кеңейіп, киелі мекеннің рухани әлеуеті тағы бір мәрте айқындалды.
Нұртас Қайролдаев