Туристік әлеует артып келеді
Марқакөл ауданы табиғатының көркемдігімен ғана емес, туристік әлеуетімен де ерекшеленеді. Соңғы жылдары өңірде саяхатшыларға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған бастамалар жүйелі жүзеге асырылып келеді. Шекаралы ауданның туристтік әлеуеті жайлы әріптесім Нұртас Қайролдаевтың бейнематериалында.
Туристік әлеуеті жоғары Ұрынқай ауылында инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Ауыл көшелерін жарықтандыру, жолдарды ретке келтіру және инженерлік желілерді жетілдіру бағытындағы істер кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
Ермек Мұқанов, Марқакөл ауданы әкімінің орынбасары:
Туризмді дамыту бойынша Марқакөл ауданының Ұрынқай ауылында абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл ауыл бізде рекрациялық аумаққа кіреді. Абаттандыру жұмыстарына 2,5 шақырым жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар жолды ағымдағы жөндеуден өтуде, су ағатын көпірлері жөндеу қарастырылған. Сондай ақ жеке кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан кәріз, су тартыу жүйелері және санитарлық гигиеналық тораптар салынды. Онда барлық заманауи талаптарға сай барлық жағдай жасалынған.
Мұнда тіпті туристерге қажетті ақпаратты бір жерден алуға мүмкіндік беретін арнайы павильон салу жоспарланған. Мұнда алдағы уақытта демалыс орындары мен туристік бағыттар жөніндегі мәліметтер ұсынылады.
Ермек Мұқанов, Марқакөл ауданы әкімінің орынбасары:
Павильон болады. Онда туристтерге ынғайлы карта және демалыс орындарының телефон номерлері жасалынады. Сервис деймізғой сол келетін туристтерге және заманаи талаптарға сай болуы үшін глемпинг болсын капсулды үйлер болсын барлығы осында орнатылады. Соған сәйкес инжинерлік желілер мен жүйелер ары қарай қарқынды дамитын болады.
Өңірдің өркендеуіне үлес қосуды мақсат еткен кәсіпкерлердің қатары артып келеді. Солардың бірі - Бақытбек Манапов. Туған жерге туыңды тік деп Ұрынқайда демалыс кешенін ашып, туризм саласын дамытуға атсалысуда.
Бақытбек Манапов, «Marqa resort» демалыс орнының директоры:
Бұл «Marqa resort» демалыс орынын ашу себебіміз ол әр адам туған жерге махаббаты әр қазақ жүрегінде сақталады. Адамның жасы келгенде туған жерге деген махаббат еселеніп артады екен. Сондан былтыр Мұратбек інім екеуміз ақылдасып, бірге жұмыс істеп қазақстан бойынша газдандыру бойынша жұмыс істейтінбіз. Содан былтыр ойланып туған жерге бет бұрайық деп, Туған жердің өркендеуіне сеп болайық деп осы демалыс орынын алып, туған жердің әлеуетін арттыруға үлес қосайық деген ізгі ниетпен келіп отырмыз.
Кешенде ұлттық нақыш пен заманауи шешімдер үйлестірілген. Мұнда дәстүрлі киіз үйлермен қатар жаңа үлгідегі капсулалы үйлер де орналастырылуда.
Дархан Бақытбек, «Marqa resort» демалыс орнының меңгерушісі:
Міне домик алып келдік, капсулалы үй. Ыңғайлап келтіріп жатырмыз. Алдағы уақытта тағы 4-5 осындай үй алып келу ойымызда бар. Одан бөлек 12-8 қанатты кигіз үйлеріміз өткізіледі. Алдағы жылда енді Ұынқай ауылына кіре беріске тағы жоспарымыз бар. Ол жерде де үлкен база салынады. Ол жақта да осындай капсулалы үйімізді тұрғызамыз. Соған байланысты атын қойып жатырмыз. «Marqа» resort деп. Биыл бастап жатырмызғой. Сол себепті алда үлкен жұмыстар бар. Бұйырса соған келеміз бе деген ойдамыз.
Марқакөлде қолға алынған ірі жобалардың бірі – «Marqakol lodge». Инвестиция көлемі 1,2 млд теңгені құрайтын туристтік нысан алдағы 3 жылда толық іске қосылады деп жоспарланған.
Руслан Анафиянов, «Marqakol lodge» жобасының инвесторы:
Бұл жобаны міне 5 жыл болды өзіміз жерін сатып алып, одан кейін 2,5 гектар көлеміндегі жобаны өзіміз салып жатырмыз. Марқакөл енді Қазақстандағы ең көркем жердің бірі. Мұнда халық көп келеді. Ішкі және сыртқы туризм. Мына Аустрия басқа да Германия, Ресей елінің өкілдері көп келеді. Қанас екі ортадағы шекара ашылса 10 млн адам барады екен қанасқа. Соның 1 млн көлеміндегі адам келсе Марқакөлді одан ары дамытамыз деген ойдамын.
Сарапшылардың пікірінше, табиғи ерекшелігі мен көрікті ландшафты Марқакөлдің туристік тартымдылығын арттыра түседі. Сондықтан өңірде қолға алынған жаңа жобалар келушілер санын көбейтіп, аудан экономикасына серпін беруі тиіс.
Нұртас Қайролдаев