Негізгі Жаңалықтар Құрылтай сайлауының маңызы

Құрылтай сайлауының маңызы

Құрылтай депутаттарын сайлау қарсаңында өңір жастары тұрғындарды дауыс беруге белсенді қатысуға шақыруда. Олардың айтуынша, әр азаматтың таңдауы маңызды. Сайлау – азаматтық ұстанымды білдірудің маңызды тетігі. Сондықтан, әрбір дауыс елдің болашағына қатысты шешім қабылдауда өзіндік рөл атқарады. 

Ляйля Төлеубекова, Өскемен қ. қоғамдық кеңесінің мүшесі:

Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы еліміздің болашағы үшін стратегиялық маңызы зор деп есептеймін. Себебі, бұл – мемлекеттік басқарудың жаңа жүйесін қалыптастырудың маңызды кезеңі. Жаңа Құрылтай аясында заңды қабылдау үдерісі жеделдеп, мемлекеттік бюджетті бекіту де жеңілдейді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғаларды тағайындау рәсімі де жылдам жүзеге асатын болады. Биылғы сайлау науқанының ауқымы бұрынғы жылдарға қарағанда әлдеқайда кең деп ойлаймын. Бұл ретте жастардың рөлі ерекше. Біздің өңірдің ғана емес, еліміздің барлық аймақтарындағы жастар үгіт-насихат жұмыстарына белсенді қатысып, сайлауалды материалдарды таратуға атсалысуда. Жастар қанаты жеті саяси партияның да мүддесін белсенді түрде ілгерілетіп жатыр. Бүгінде жастар қоғам өмірінен шет қалғысы келмейді. Олар саясатқа қызығушылық танытып, ел болашағын қалыптастыруға белсенді араласуда. Өйткені бұл – мемлекетіміздің дамуының жаңа кезеңі. 


Бөлісу