Тондар көрмесі басталды
Сән мен сапаны бағалайтындар үшін жақсы жаңалық. Өскемендегі «Валентина» сауда үйінде Пятигорск қаласының «АнВаг» және «Беверден» брендтерінің тон топтамасынан көрме ашылды. Жәрмеңкеде табиғи жүннен тігілген түрлі үлгідегі қысқы киімдер бар. Акция аясында ескі тоныңызды тапсырып, жаңа тон сатып алған жағдайда 100 мың теңгеге дейін жеңілдік алуға болады. Сонымен қатар, сатып алушыларға пайызсыз бөліп төлеу мүмкіндігі қарастырылған.
Мұнда классикалық үлгілерден бастап, заманауи модельдерге дейін бар. Келушілерге кәсіби кеңесшілер қызмет көрсетіп, өлшемі мен талғамына сай үлгіні таңдауға көмектеседі. Көрмеде мутон, күзен және аустралиялық мериностан тігілген тондардың кең ассортиментін көруге болады. Барлық тондар жылы әрі сапалы материалдардан жасалған. Түстер палитрасы да кең.
Андрей Немцуров, көрме жетекшісі:
Мұнда кез-келген талғамға сай сәнді және жоғары сапалы тондарды таба аласыз. Бұдан бөлек, көрмеде тондарды екі жылға дейін пайызсыз бөліп төлеуге болады. Сонымен қатар, ескі тоныңызды өткізсеңіз, жаңа тон сатып алғанда 100 мың теңгеге дейін жеңілдік қарастырылған. Тондар көрмесі Назарбаев даңғылы, 61А мекенжайындағы «Валентина» сауда үйінің жертөлесіндегі 3-бутикте орналасқан.
Көрмеде ұсынылған сырт киімдердің барлығы табиғи жүннен тігілген. Өнімдер заманауи технологиямен өңделіп, сапалы тігіске басымдық берілген. Көрме 15-31 тамыз аралығында өтеді. Дүкеннің жұмыс уақыты 10:00-ден 19:00-ге дейін.
Фатима Тілейханқызы