Сайлауға дайындық жұмыстары талқыланды
Орталық сайлау комиссиясының өкілдері өңірдің алдағы болатын сайлауға дайындық барысын тексерді. Негізгі назар сайлау комиссиялары мен учаскелерінің әзірлігіне, материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне және комиссия мүшелерінің біліктілігін арттыруға аударылды.
Аталған комиссия өкілдері комиссия мүшелерінің сайлау заңнамасын жетік білуі мен оны дауыс беру күні дұрыс қолдануы маңызды екенін атап өтті. Себебі сайлау процесінің ашық әрі заң талаптарына сай өтуі комиссия мүшелерінің дайындығына тікелей байланысты екендігін айтты.
Михаил Бортник, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:
Орталық сайлау комиссиясы өңірлердің дайындық деңгейін тексеру және бақылау жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр. Біз Шығыс Қазақстан облысындағы мәселелерді пысықтап жатырмыз. Ең алдымен, біздің қарастыратын мәселелеріміздің қатарында сайлау комиссияларының, сайлау учаскелерінің дайындығы және олардың материалдық-техникалық жабдықталуы бар. Әрине, сайлау комиссиялары мүшелерін даярлау мен оқытуға да үлкен көңіл бөлеміз. Заңды білу, сайлау күні сол заңды білу және қолдану өте маңызды мәселе. Бұған ең алдымен сайлаушылар да, бақылаушылар да назар аударады.
Бүгінде облыстағы сайлау учаскелері мен комиссияларының дайындығы қамтамасыз етілген. Дегенмен дауыс беруге дейін қалған уақыт ішінде оқыту және тәжірибелік жұмыстар жалғаса береді. Осы мақсатта мүмкіндігі шектеулі жандарда қоғамнан тыс қалмай тамыздың 23 күні өтетін сайлауға келіп, өз дауыстарын бере алады. Бұдан бөлек, оларға барлық жағдай жасалып, қажетті техникалар қызмет көрсетеді.
Альмира Мусинова, Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы:
Әр мүгедектігі бар жанға сайлау учаскесіндегі заңды түрдегі құқықтары негізінде келіп дауыс беруі. Арбамен келген мүгедектігі бар жандарға қолайлы жағдай жасау өз дауыстарын беруге. Сонымен қатар біздің облысымыздағы мүгедектігі бар азаматтар иә болмаса инвотакси қызметіне мұқтаж азаматтар болса да біздің жұмыстар атқарылуда. Бізде сайлау күні 23 тамызда облыс көлемінде арнайы 33 автокөлік жұмыс жасайтын болады. Ол 33 автокөліктің 14 і Өскемен қаласы бойынша 19 аранйы автокөліктер облыстың қалалары мен аудандарында жұмыс жасайтын болады.
Жиын барысында жергілікті атқарушы органдар мен сайлау процесіне тартылған ұйымдардың атқаратын жұмысы, сондай-ақ олардың өзара іс-қимылы мен жауапкершілігі жан-жақты талқыланды. Қатысушылар сайлау науқанын ұйымдастыру кезінде заң талаптарын қатаң сақтау, азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету және сайлау процесінің барлық кезеңдерінің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударды.
Нұрдәулет Қалибеков