Азаматтық белсенділік – ел болашағына жасалған қадам
Құрылтай депутаттарын сайлауға санаулы күндер қалды. 23 тамызда қазақстандықтар жаңа қоғамдық-саяси органның құрамын айқындайды. Маңызды науқан қарсаңында жаңа форматтың өңірлер мен түрлі сала өкілдерін бір алаңға топтастырып, азаматтық қоғамның үнін күшейту мүмкіндігі қызу талқылануда. Бұл жөнінде Шығыс Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы- заңгері Марина Колисниченко өз пікірін білдірді.
Марина Колисниченко – Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы:
Ұлттық құрылтайға депутаттарды іріктеудің жаңа тәртібі қоғамдағы белсенді азаматтардың кеңінен қатысуына жол ашады. Әртүрлі сала өкілдері бір алаңда бас қосып, ел дамуына қатысты өз ұсыныстарын ортаға сала алады. Бұл халық пен билік арасындағы байланысты нығайтып, маңызды шешімдердің қабылдануына жаңа серпін береді деп ойлаймын.