Негізгі Жаңалықтар Африкалық түйеқұс өсіріп отырған кәсіпкер

Африкалық түйеқұс өсіріп отырған кәсіпкер

Аймақта экзотикалық құс өсіруге қызығушылық артып келеді. Бұған дәлел – африкалық түйеқұс өсірумен айналысып отырған жергілікті кәсіпкердің шағын фермасы. Ерекше құстардың күтімі қандай? Келесі сюжеттен көрейік.

Ферма иелері оларды бірнеше жыл бұрын теледидардан көріп, өсіріп көруге қызығушылықпен кірісіпті. Қазір шаруашылықта тоғыз құс пен биылғы балапандар бар. Кәсіпкердің айтуларынша, африкалық түйеқұстар адамның өзін емес, тек сол сәтті ғана есінде сақтайды екен.

Галина Мурсалимова, кәсіпкер:

Тағы бір қызық дерек – түйеқұстың көзі өте үлкен, шамамен жаңғақтың көлеміндей болғанымен, миы одан екі есе кіші. Сол себепті есте сақтау қабілеті де әлсіз. Жем беріп тұрған кезде сізді таниды, ал біраз уақыттан кейін қайта келсең, ұмытып қалады. Түйеқұс – ұша алмайды. Қанаттары болғанымен, ұшуға бейімделмеген. Мұның бәрі табиғаттың заңдылығы.

Түйеқұстың иммунитеті күшті болғандықтан, сирек ауырады. Егер дұрыс күтім жасалса, жетпіс жылға дейін өмір сүре алады.

Галина Мурсалимова, кәсіпкер:

Бір аналық бір маусымда елуге жуық жұмыртқа береді. жұмыртқалар асханалық және инкубациялық болып бөлінеді. Инкубациялық жұмыртқадан балапан 42 күнде шығады. Ал азықтық жұмыртқаларды халық жақсы сатып алады, өйткені олардың тағамдық құндылығы жоғары, аминқышқылдары мол.

Ерекше құсты баптауға бел буғандар оның күтімі өздері үшін үлкен тәжірибе мектебі болғанын айтады. Қазір мұнда инкубатордан шыққан 15 балапан өсіп келеді. Кәсіпкерлер алдағы уақытта құс санын көбейтіп, шаруашылықты одан әрі дамытуды жоспарлап отыр.

Кәусар Идаятқызы


Бөлісу

Аймақтық телеарналар