Құрылтай сайлауы ел дамуына серпін береді
Құрылтай – халқымызды ортақ мақсатқа ұйыстыратын бірегей құрылым. Құрылтай сайлауы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуына қосымша серпін береді. Оның ішінде халықтың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін маңызды тақырыптардың бірі — жол мәселесі. Жолдың сапасы — жай ғана инфрақұрылым мәселесі емес, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Ауыл мен қала, шекаралас аймақтар арасындағы жолдың сапасы жақсы болса, тұрғындардың қатынауы жеңілдейді. Жедел жәрдем, автокөліктер мен тауар тасымалы сияқты маңызды қызметтердің жұмысы да жақсарады. Сондықтан, жол құрылысына бөлінетін қаржының тиімді жұмсалуы, сапаның сақталуы және салынған жолдардың ұзақ мерзім қызмет етуі ерекше бақылауда болуы керек.
Нұрбек Тұраров, «ОблШығысЖол» ЖШС директорының орынбасары:
Шығыс Қазақстан облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен көлік инфрақұрылымын дамыту және жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтеді. Бұл маңызды шара елдің тұрақты дамуына, экономиканың өсуіне және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Көлік инфрақұрылымының одан әрі дамуына жаңа серпін беретініне біз едәуір сенеміз. Шығыс Қазақстан облысында қазіргі уақытта Өскемен-Шемонаиха, Ресей Федерациясы бағытында, Өскеменнен Алтай, Катон-Арағай, Рахман қайнарлары бағытында жол жөнделіп жатыр. Қайта жаңғырту жұмыстары атқарылуда.