Негізгі Жаңалықтар Саяси реформалардың жаңа кезеңі

Саяси реформалардың жаңа кезеңі

Осы жексенбі елде Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді. Жаңа Конституцияға сәйкес, Құрылтай елдегі жоғары өкілетті органға айналады. Жаңа құрамның алдында заңнаманы жетілдіру және мемлекетті одан әрі дамыту міндеті тұр. Қабылданатын шешімдердің сапасы мен тиімділігі депутаттардың жұмысына тікелей байланысты. 

Дидар Мажиринов, мемлекеттік жеңілдетілген несие беру саласының сарапшысы:

Жаңа Конституцияның қабылдануы және бір палаталы Құрылтайға көшу — Қазақстандағы ауқымды саяси реформалардың маңызды бөлігі. Бір палаталы құрылым заң жобалары мен басқа да маңызды шешімдерді жедел қабылдауға мүмкіндік береді. Сондықтан, осы тарихи маңызды күні барша Қазақстандықтар сайлау учаскелеріне келіп, өздерінің дұрыс таңдауларын жасайды деп сенемін. 


Бөлісу

Аймақтық телеарналар