Негізгі Жаңалықтар Құрылтай: Халық үміті мен мәдениетке жаңа серпін

Құрылтай: Халық үміті мен мәдениетке жаңа серпін

Құрылтайдың сайлауы ел өміріндегі маңызды саяси оқиғалардың бірі болмақ. Жаңа өкілді органнан халықтың талап-тілегін ескеріп, қоғамның өзекті мәселелерінің шешімі күтіледі. Әсіресе ұлттық мәдениет пен тарихи мұраны сақтау, оны кейінгі ұрпаққа жеткізу бағытында атқарылар жұмыс ауқымды. Мамандар Құрылтай осы бағыттардың дамуына жаңа серпін беріп, мәдени құндылықтардың кеңінен насихатталуына жол ашады деп сенеді.

Есенбол Нақтыбайұлы, Шығыс Қазақстан өнер музейі директорының орынбасары:

Жалпы Құрылтайдың халықтың деңгейімен санасуы, халықпен қабаттаса жұмыс істеуі- халықтың арман-мақсатына, болашағына жол болатынына үлкен үміт беретіндей. Осының бәрінде жаңадан тарих жаңаша жазылып, мәдениетіміздің мәйекті, түбінде жатқан көп сырлары ашылып, жаңа Қазақстанның жаңа болашағы, мәдениеті алға қарай дамиды, өзінің үрдісін алады, ұлтқа пайдасын тигізеді деген ойдамыз. Сондықтан Құрылтайдың халыққа берері мол деп ойлаймын. 
Бөлісу

Аймақтық телеарналар