Экологиялық акция
Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Глубокое ауданының жергілікті тұрғындары қоғамдық аумақтарды абаттандыру жұмыстарына қатысты. Акцияға қатысушылар кенттегі екі саябақтың аумағын қоқыстан тазартты.
Бұл шағын саябақ — Глубокое кенті тұрғындарының сүйікті демалыс орындарының бірі. Туған жердің көркін келтіріп, тазалығына мән берген тұрғындар, белсенділер мен волонтерлер, «Жасыл Ел» жастар жасағында жұмыс істейтін жастар шағын саябақтың аумағын тазалады. Сенбілікке қатысушылар тұрмыстық қалдықтарды жинап, демалыс орындарын ретке келтірді.
Еркебұлан Жанатұлы, Мәдениет үйінің директоры:
Бүгінгі таңда Таза Қазақстан жалпыұлттық экологиялық бастама. Осындай еліміздің қоршаған ортаны тазалықта ұстау, экологиялық мәдениетті арттыруда және жастарды еңбекке баулумаңызды орын алады. Біз де мәдениет үйінің қызметкерлері жастарға үлгі ретінде, тұрғындарға үлгі ретінде шығып тазалап жатқан жайымыз бар.
Жігер Темірханов үшін «Жасыл Ел» бағдарламасына қатысу өте маңызды. Себебі, алғашқы еңбек тәжірибесін жинақтап қана қоймай, туған жерінің гүлденуіне өз үлесін қосуда. Жас жігіт өз еңбегінің нәтижесін көру оған ерекше қуаныш сыйлайтынын жасырмады.
Жігер Темірханов, «Жасыл Ел» жастар жасағының мүшесі:
Бұл жер қаладан алыс емес. Сондықұтан осы жердің тұрғындарынан сұрайтынымыз көп қоқыс тастамасын. Өзім де айтым жүрем, қарындас, бауырларыма да айтып жүрем. Біз тырысып жүрміз. Сондықтан қоқыс тастамауларыңызды сұраймын.
Тазалық жұмыстарын жүргізу елдімекенді абаттандыру бойынша атқарылып жатқан ауқымды жұмыстардың бір бөлігі ғана. Сенбілікке қатысушылар қоғамдық орындардың тазалығы - әр адамның жауапкершілігінен басталатындығына сенімді. Экобелсенділер тұрғындарды демалыс орындарына ұқыпты қарап, тазалықты тек сенбілік кезінде ғана емес, күн сайын сақтауға шақырады.