Ардагерлер өз таңдауын жасады
Ел өміріндегі маңызды саяси науқанға аға буын өкілдері де белсенді қатысуда. Таң атысымен сайлау учаскесіне келген ардагерлер Құрылтай депутаттарын сайлауда өз таңдауларын жасады.
Ардагерлердің айтуынша, елдің болашағы – кейінгі ұрпақтың қолында. Ал бүгінгі сайлау – сол келешекке деген сенім мен жауапкершілікті білдіретін маңызды сәт. Сайлау учаскесіне келген аға буын өкілдері дауыс беру тәртібімен танысып, өз таңдауларын жасады.
Олег Фролов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
Бүгін тек біздің зейнеткерлер үшін ғана емес, бүкіл еліміз үшін аса маңызды күн. Жалпы, дауыс беру белсенділігі жағынан зейнеткерлер ең белсенді азаматтардың қатарында деп айта аламын. Жуырда ғана біз Конституцияға енгізілген өзгерістер бойынша дауыс бердік. Ал қазір – келесі кезең, Құрылтай депутаттарын сайлау. Бұл – еліміздегі маңызды шешімдерді қабылдауға қатысты аса жауапты сәт. Сондықтан барлық зейнеткерлеріміз бен ардагерлеріміз белсенді түрде дауыс береді деп ойлаймын. Өйткені олар қазіргі жағдайдың маңызын жақсы түсінеді. Меніңше, бүгінгі белсенділік біздің ел болашағына қаншалықты сенімді екенімізді көрсетеді.
Ел көлемінде өтіп жатқан маңызды саяси науқан Жаңа Ахмер тұрғындарын да біріктірді. Ахмер орта мектебінде орналасқан №57 сайлау учаскесіне таңғы сағат 7:00-ден бастап сайлаушылар келе бастады.
Асқар Капжапаров, №57 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы:
Сол тіркелген тұрғындар бойынша қазіргі уақытта Бірнеше тұрғындар көңіл-күйлерімен біздің жаңа участокқа өз даустарын беріп жатыр. Құрылтай — бұл ең негізгі дауыс. Бұл республикалық көлемінде өтіп жатқан біздің саяси сайлауымыз. Сондықтан барлығын белсенді танытып, жеті партияның ішінен өздері өз дауыстарын беріп, бүгінгі күні көңіл-күйлерімен келіп қатысуда.
Сайлау учаскесінде дауыс беру барысы белгіленген тәртіппен өтуде. Азаматтар өз таңдауын жасап, елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысуда. Ал аға буынның белсенділігі – кейінгі ұрпаққа үлгі. Өйткені ел тағдырына қатысты маңызды шешімдерге қатысу – әр азаматтың жауапкершілігі. Осылайша бүгін ардагерлер де өз таңдауын жасап, Құрылтай депутаттарын сайлауға үлес қосты.
Аяулым Усинова