Перзентханадағы аналар дауыс берді
Облыстық Ана мен бала орталығында ем қабылдап жатқан науқастар үшін дауыс беру ұйымдастырылды. Жүкті әйелдер мен жас аналар медициналық мекемеден шықпай-ақ, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға қатысу мүмкіндігіне ие болды.
Әйелдердің перзентханада дауыс беруіне мүмкіндік жасау үшін №60 жабық сайлау учаскесі жұмыс істеуде.
Зинаида Жукова, № 60 учаскелік сайлау комиссиясының хатшысы:
Біздің сайлау учаскесімізде 230 сайлаушы тіркелген. Қазіргі уақытта олардың жартысынан астамы дауыс беріп үлгерді. Перзентханада жатқан босанған әйелдер, босанғаннан кейінгі кезеңдегі аналар және балаларымен бірге ем қабылдап жатқан аналар белсенді түрде дауыс беруде.
Сәбилерінің дүниеге келуін күтіп жүрген болашақ аналар мен ана атанған әйелдерден бөлек, жаңа туған нәрестелерді күту бөлімінде жатқандар мен басқа да бөлімдердің науқастары дауыс бере алады. Дәрігерлердің айтуынша бұл күні 5 сәби дүниеге келді.
Денсаулығына байланысты сайлау учаскесіне келе алмайтын әйелдер үшін арнайы мобильді топ жұмыс істеуде. Олар бөлімшелердегі палаталарды аралап, науқастардың дауыс берулеріне мүмкіндік жасауда.
Лейла Слямбекова