Негізгі Жаңалықтар Еңбек адамдары дауыс берді

Еңбек адамдары дауыс берді

Ауыл шаруашылығы саласының өкілдері де елдегі маңызды саяси науқанға белсенді қатысып, өз дауыстарын беруде. Ұлан ауданына қарасты Айыртау ауылындағы №965 сайлау учаскесінде дауыс берушілердің қарасы қалың. Олардың қатарында еңбек адамдары да бар. Дала жұмысының қызған шағына қарамастан, шаруалар да уақыт тауып, сайлауға келіп, өз таңдауларын жасады.

Ел ырысын еселеп, жердің берекесін арттырып жүрген еңбек адамдары – тракторшылар да сайлаудан қалыс қалмады. Ауыл еңбеккерлері сайлауға қатысуды азаматтық міндеті деп санайды. Тракторын учаске маңына тоқтатқан шаруалар сайлауға арнайы келіп, өздерінің азаматтық таңдауларын жасады.

Александр Кель, ауыл тұрғыны:

Ауылдың шаруасымен жүреміз. Елді ойлап, бала-шағамызды ойлап. Мынандай сайлау – біз үшін, балаларымыз үшін өзіміз қол қояйық деп сонау даланың басынан келіп отырмыз. 

Еңбек адамдары үшін елдің ертеңі мен ауылдың болашағы қашанда маңызды. Сондықтан, азаматтар сайлауға белсенді қатысып, өз таңдауын жасауға ниетті. 

Мәди Құсайынов, ауыл тұрғыны:

Мен ауылдың қарапайым еңбек адамымын. Күнделікті тірлігіміз – егістікпен, малмен байланысты. Даладағы науқан қаншалықты маңызды болса, оған қарамай біздің еліміздің болашағы одан да маңызды. Сол үшін осы Құрылтайға келіп, өз таңдауымды жасадым. 

Сайлау учаскесінде барлық қажетті жағдай жасалған. Комиссия мүшелері дауыс беру рәсімінің талапқа сай өтуін қамтамасыз етіп, сайлаушыларға қажетті ақпарат беруде.

Рашида Асетова, №965 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы:

Біздің сайлау учаскесінде 1120 адам тіркелген. Осы ауылда. Оның ішінде 28 адам үйде дауыс береді. Он екісі бірінші рет дауыс беретін балалар 18-ге толған. 

Дауыс беру учаскесінде аудандық балалар музыка мектебінің өнерпаздары да өнерлерін көрсетіп, келушілерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Жас музыканттардың орындауындағы әуезді ән-күйлер мерекелік шараның ажарын аша түсті.

№965 учаскесінде дауыс беру үдерісі белгіленген тәртіппен жалғасуда. Тұрғындар үшін басты міндет — өз таңдауын жасап, азаматтық жауапкершілігін таныту. Айыртаулықтар осылайша ел болашағына қатысты маңызды саяси науқанға өз үлестерін қосуда.

Фатима Тілейханқызы


Бөлісу

Аймақтық телеарналар