Айтыскер ақын Серік Қуанған дауыс берді
Өңірдің танымал ақындары да бүгінгі маңызды саяси науқанға белсене қатысуда. Олар сайлаудың маңызды, әрі ел тұрғындары үшін тарихи мәні зор оқиға екенін жеткізді. Жыр сүлейлері, тарихи өзгерістер тек мемлекет қабылдайтын шешімдерден ғана емес, әрбір азаматтың өз таңдауынан да қалыптасады, -дейді
Республикалық айтыстың жеңімпазы, белгілі айтыскер Серік Қуанған да бүгін сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Ол бюллетеньді толтырып, елдің қоғамдық-саяси өміріне өз үлесін қосып, азаматтық ұстанымын білдірді.
Серік Қуанған, айтыскер ақын:
Бүгін енді Құрылтай сайлауына келіп, өз дауысымызды бердік. Бұл енді қазақ тарихындағы Құрылтай атауымен алғашқы өтіп жатқан сайлау. Бұрынғы қос палаталы парламент өз жұмысын отыздан астам жыл абыроймен атқарды. Бүгінгі Қазақстанның саяси сахнасында көтерілген құрылтай атауы, құрылтайдың атқарар рөлі қазақ қоғамына жалпы еліміздің болашағына атқаратын рөлі өте маңызды. Сол себепті біз қазақстанның әр азаматы бүгінгі сайлауға қатысуы міндеті деп есептеймін.
Серік Қуанған айтыс сахнасында елдің көкейінде жүрген өзекті мәселелерді ашық айтып, қоғамдағы түрлі түйткілдерді өткір тілмен жеткізіп жүрген өнер иесі. Ол әрдайым халықтың мұң-мұқтажын сөз етіп, ел өміріндегі маңызды мәселелерге бейжай қарамайтынын көрсетіп келеді.
Нұрдәулет Қалибеков