Негізгі Жаңалықтар Футболшылар өз таңдауын жасады

Футболшылар өз таңдауын жасады

 «Алтай Өскемен» футбол клубының ойыншылары мен команда мүшелері Құрылтай сайлауында дауыс беріп, азаматтық таңдауын жасады. Спортшылар ел болашағына бейжай қарамай, маңызды саяси науқанға белсенді қатысты. 

Жасыл алаңда өңір намысын қорғап жүрген футболшылар азаматтық белсенділіктерін танытты. Спортшылар үшін алаңдағы әрбір ойын қалай маңызды болса, ел өміріндегі саяси науқандар да сондай жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан футбол клубының өкілдері сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады. Солардың арасында «Алтай Өскемен» футбол клубының ойыншысы Ермахан Дүйсенбай да бар.

Ермахан Дүйсенбай, «Алтай Өскемен» ФК ойыншысы:

Біз жастарға үлгі болғымыз келеді. Әр адам өз құқығын біліп, маңызды шешімдерге қатысқаны дұрыс. Бүгін бізде өз дауысымызды бердік. 

Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейінде №30 және №31 сайлау учаскелері орналасқан. Мұнда сайлаушылар өз азаматтық таңдауын жасап, дауыс беруде. Сайлау барысы заң талаптарына сай өтуде.

Қарлығаш Газизова, №31 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы:

№31 сайлау учаскесінде барлығы 1711 сайлаушы бар. Бүгінгі таңда 70 пайызға жуығы таңдауын жасады. Енді сайлаушылардың бұл таңдауы халықтың игілігіне, мемлекеттің дамуына қосып жатқан үлестері деп санаймын. 

Осылайша жасыл алаңда жеңіс үшін барын салатын спортшылар бүгін ел болашағына қатысты таңдау жасады. Себебі Отанға деген жауапкершілік – тек спортта емес, қоғамның барлық саласында көрініс табады.

Аяулым Усинова


Бөлісу

Аймақтық телеарналар