Байқаушылар жұмысы
Аймақтағы сайлау учаскелерінде байқаушыларда өз жұмысын атқарып жатыр. Олар дауыс беру барысын, сайлау рәсімдерінің заң талаптарына сәйкес орындалуына мән береді. Учаскедегі ұйымдастыру жұмыстары, дауыс беру тәртібі мен жалпы ахуал байқаушылардың назарында.
Елена Миханцева биыл екінші рет сайлауға байқаушы ретінде қатысып отыр. Ол №29 сайлау учаскесінде қызметін атқаруда. Күні бойы белгіленген рәсімдердің сақталуын, дауыс берудің ашықтығын және учаскедегі жалпы ұйымдастыру жұмыстарының барысын бақылайды.
Елена Миханцева, байқаушы:
Байқаушының міндетіне Қазақстан Республикасының сайлау құқығына қатысты заң талаптарының сақталуын, сайлаудың дұрыс әрі ашық өтуін, сондай-ақ учаскедегі ахуалды бақылау кіреді.
Байқаушылар сайлау процесінің негізгі кезеңдеріне қатысып, сайлау заңнамасы талаптарының орындалуын назарда ұстайды. Олардың жұмысы учаскедегі дауыс беру процесі тәртіппен өтуіне қоғамдық бақылау жасауға бағытталған.
Айнаш Қозыбаева, №29 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы:
Біздің учаскеде 11 байқаушы бар. Оның үшеуі – халықаралық байқаушылар. Олар – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің бақылаушылар миссиясының өкілдері.
Комиссия мүшелерінің мәліметінше, қазіргі жағдай бойынша учаскеде заңбұзушылық тіркелмеген.
Бекарыс Энгельс