Негізгі Жаңалықтар Алғаш рет дауыс берушілерге сыйлықтар табысталды

Алғаш рет дауыс берушілерге сыйлықтар табысталды

Елімізде маңызды қоғамдық-саяси күні қала тұрғындары өз таңдауын жасау үшін сайлау учаскелеріне келуде. Аға буыннан қалыспай, жастар да белсенділік танытуда. Олардың бірқатары бұл күні алғаш рет сайлауға қатысып, дауыс беруде. 

№1163 сайлау учаскесінде дауыс берушілердің қарасы қалың. Таң атқаннан бері тұрғындар өз таңдауын жасау үшін сайлау учаскесіне белсенді түрде келіп жатыр.

Айгерім Аманбаева, №1163 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы:

Бізде учаскеде 2713 адам бар. Бүгінгі күні өз жұмысымызды бастадық. Адамдардың келуі өте жақсы. Бірінен кейін бірі ағыл-тегіл келіп дауыс беруде. Соның ішінде сайлауға бірінші рет қатысқан жасы 18 толған жастарымыз да бар. Жастар да өз таңдауларын жасап жатыр. Бізде осы уақытқа дейін 4 адам сайлау учаскесінен басқа қалаларға кетеміз деп открипительный алып кетті. ОНың ішінде Астана қаласы бар, Алматы қаласы бар. Глубокое және Марқакөл бар. 

Сайлаушылар арасында отбасы мүшелерімен бірге келіп, ел болашағы үшін таңдау жасап, азаматтық ұстанымын білдіріп жатқандар да бар. Дауыс берушілер үшін ұйымдастырушылар мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында түрлі сыйлықтар дайындаған.  

Айым Маратқызы, қала тұрғыны:

Бүгін 23 тамыз күні өзімнің алғашқы сайлауыма қатысып отырмын. 1163 учаскесі бізге жақсы көңіл бөліп жатыр. Түрлі осындай сыйлықтармен қуантып жатыр. Менің ойымша қазіргі заманның жастары осындай түрлі-түрлі сайлауларға қатысып, қоғамда белсенді болуы керек деп ойлаймын.  

Жастардың, әсіресе алғаш рет дауыс бергендердің белсенділігі олардың ел өміріне бейжай қарамайтынын көрсетеді. Бұл сайлау учаскесінде дауыс берушілер үшін арнайы жәрмеңке ұйымдастырылған. Онда түрлі тағамдар мен қолдан жасалған бұйымдар сатылуда. Мұның бәрі көңілге қуаныш сыйлайды. Музыка әуені де мерекелік көңіл күйді көтеріп, осы айтулы күннің ажарын аша түсуде.

Салтанат Кеңесбекқызы 

Бөлісу

Аймақтық телеарналар