Ұлан ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Ермек Көшербаев Таврия ауылының күрежолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуді тапсырған еді. Аймақ басшысының пәрменінен кейін жолды ретке келтіру басталып кетті.

Ауылды қақ жарып өтетін бұл жол тозғандықтан, жергілікті тұрғындарға да, жолаушыларға қолайсыз еді. Биыл, міне, асфальт төселіп жатыр. Ауылдағы ағайын дән риза.

Таврия ауылының ішімен жүк көліктері де жиі қатынайды. Сондықтан айналма жол салуда жоспарланған. Бұл жобының құжаттары бекітілген. Жер учаскесінің мәселесі оң шешімін тапты.