ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген жерлер мемлекет меншігіне қайтарылуы керек екені айтты. Мемлекет басшысының пәрмені аймақта сәтті іске асырылуда. Мәселен, өткен жылы 130 мың гектарға жуық аумақ ерікті түрде мемлекет меншігіне қайтарылды.Ал биыл бұл көрсеткішті 160 мың гектарға жеткізу көзделген.
Аймақта пайдаланылмай жатқан немесе заңсыз берілген жерледі мемлекет меншігіне қайтару жөніндегі жұмыстар 2019 жылы басталды. Бірінші кезекте қала және аудан әкімдіктері жергілікті халықты жайылымдық жермен қамтуды қолға алған.
Пайдаланылмай жатқан жер телімдері мен заңсыз жеке меншікке өткен аумақтарды мемлекет меншігіне қайтару ісімен арнайы комиссия айнылысып жатыр. Басқарма басшысы облыста осы салаға қатысты мәселенің барлығы жіті назарда екенін атап өтті.
Мемлекет меншігіне қайтарлыған аумақтар өңірдегі қажеттіліктерге байланысты қандай бағытта қолданылатыны алдағы уақытта шешімін табады.