Облыстағы қорғаныс істері жөніндегі департаменттің әскери қызметшілері кәсіби мерекелерін салтанатты түрде атап өтті. Мерекелік шараға «Жас сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілері, ардагерлер мен мерзімді қызметтегі сарбаздар қатысты.
Салтанатты жиын барысында әскери қызметшілерге ақ тілектер мен жылы лебіздер айтылды. Көрермен назарына жергілікті әскери басқару органдарының тарихы мен қазіргі қызметі жайлы бейнеролик ұсынылды.
Елдегі әрбір азаматтың Отан алдындағы борышын өтеуі осы жергілікті әскери басқару органдарының табалдырығынан басталады. Салтанатты шарада үздік мамандардың еңбегі бағаланып, басшылық тарапынан алғыс хаттар табысталды.
«Жас сарбаз» клубының қатыушылары да шарадан тыс қалмады. Олар мұндай кештер патриоттық рухты көтереді дейді.
Мерекелік шара жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.