Ұлан ауданы Огневка кентіндегі «Тау Самалы» станциясына заманауи диагностикалық және медициналық құралдармен жабдықталған «Саламатты Қазақстан» пойызы келді. Білікті мамандар екі күн бойы тұрғындарға тегін қызмет көрсетеді. Маңызды жоба жайлы тілші сюжетінде.
«Саламатты Қазақстан» денсаулық пойызының бас дәрігері Айнұр Егінбаева тұрғындарға қандай көмек көрсетілетіндігін түсіндірді. Барлық қызмет түрлерінің тегін екендігін айтып, қажет болған жағдайда мобильді топ та тартылатынын тілге тиек етті.
Денсаулық пойызында 8 вагон бар. Оның төртеуі толығымен медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған. Ақ халатты абзал жандардың көмегіне зәру ағайын, мүмкіндікті барынша пайдалануға тырысты. Кезекке тұрып, білікті мамандарға өздерін мазалаған сұрақтарын қойды.
Бұл жоба Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның қолдауымен іске асырылуда. «Саламатты Қазақстан» пойызының жұмысы елімізде денсаулық сақтау саласын жақсарту мен халықтың денсаулығына қамқорлық жасау бағытындағы маңызды қадам дейді,- Огневка кентінің әкімі Нұржан Ақтанов.
Қабылдауға келгендер өздерімен бірге жеке куәлігін ала келуі қажет. Бұдан бөлек, жоба аясында заңгерлер мен медиаторлар тұрғындарға тегін көмек көрсетеді.