Облыс орталығында ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында мемлекеттік қызмет моделіне, ҚР электрондық үкімет порталы арқылы мектепке дейінгі ұйымдарға балаларды қабылдауға қатысты көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жайы қаралды.

Отырысқа қатысушылар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен 2024-2029 жылдарға арналған мемлекеттік қызметті дамыту тұжырымдамасын талқылады. Бұдан бөлек, баланы мектепке дейінгі мекемеге қабылдау үшін қажетті № 065 нысанды профилактикалық егу картасын ұсынуды жеңілдету туралы мәселе көтерілді.

Мамандар алдағы уақытта құжаттарды бұрмалау жағдайларын болдырмау үшін егу карталарының жарамдылығына мониторинг жүргізуді жоспарлап отыр.

Қазақстан халқының басым бөлігі сандық қосымшаларды қолдана алады. Сондықтан мамандар мемлекеттік қызметтерді цифрландыру оңтайлы екенін айтады.