Қытайда белең алған метапневмовирус Қазақстанға да жетті. Нақтырақ айтсақ бүгінде бұл дертті 30 аса адам жұқтырған. Жұртты алаңдатқан метапневмовирусқа қатысты Мемлекет басшысы да, пікір білдірген болатын. Ел президенті алаңдауға негіз жоқ екенін де айтты. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандары да аймақтағы эпидахуал тұрақты деп отыр.
Вирустың өршитін уақыты көбінесе қыс және күз мезгілдері. Метапневмовирустың негізігі таралу көзі – ауа тамшысы. Жалпы, аймақта жедел респираторлық вирустық инфек¬ция алты мыңнан астам адамда тіркелген. Оның жартысына жуығы балалар.
Инфекцияның басты белігісі – жөтел, мұрыннан су ағу, ентігу, бас ауруы. Індетке шалдыққан науқасқа симптоматикалық емдеу қолданылады. Сондықтан, ақ халаттылар барынша абай болуға шақырады. Адам көп жиналатын орынға, әсіресе жабық үй-жайларға баруды шектеуге кеңес береді.
Облыс бойынша метопневмовирусқа шалдығу дерегі тіркелген жоқ. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті осы уақыт аралығында тұрақты түрде монитрониг жүргізіп жатыр.
Департаментінің өкілдері аурудың алдын алып, сақтанып жүруге шақырды. Егер дерттің қандай да бір белгілері пайда болса, уақытылы медициналық көмекке жүгінген абзал.