Шығыс Қазақстан облысында 5200 шақырым республикалық және облыстық маңызға ие автожол бар. Оның 1238 шақырымы республикалық, 4000 мың шақырымы облыстық маңызға ие. Биыл облыста 960 шақырым жол жөнделеді. Бүгінде республикалық маңызға ие жолдың 360 шақырымына қайта жаңғырту, ал 357 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Соның бірі – Риддер мен Өскемен қалаларын жалғайтын маңызды бағыттағы тас жол. Жалпы ұзындығы 105 шақырым болатын бұл жолдың қазіргі кезде 85 шақырымы толық аяқталды. Мердігер компания өткен жылы осы бағыттың 30 шақырымын қалпына келтірген.

Мейрамбек Желдібаев - көлік жүргізушісі. Екі қала арасына жиі қатынайды. Ол үшін жолдың талапқа сай болғаны маңызды. 50 жылдан артық жөндеу көрмеген бағыттың қайта жаңарғанына дән риза.

Мейрамбек Желдібаев, көлік жүргізуші:

Осы Риддер – Өскемен трасса жолында мен өте жиі жүремін. Жол жақсы төселіп жатыр. Ямалардың бәрі жөнделіп жатыр. Жол енді тез тез жабылып, жөнделіп кетсе тіпті жақсы болар еді. Өзіміздің көлігімізге де, өзімізге де. Бәріне ыңғайлы қарым – қатынасқа жақсы болушы еді.

Жол бойында 62 техника, 100-ден аса адам екі ауысымда еңбек етуде. Әу баста салынғанда негізі қара топырақ болғандықтан жүк көліктерінің жиі қатынауы жолдың бұзылуына әкеп соққан. Қазіргі кезде асфальт төсеу жұмыстары жалғасуда. Барлығы талапқа сай жүргізілуде. Мамандардың айтуынша қажетті техника мен материал жеткілікті.

Фархат Тұрғұмбаев, инженер-геодезист:

Біздің жұмысымыз, міндетіміз осы жолды қадағалау. Жолдың ширинасын, кеңістігін түзету қадағалау. Технологиясы жоғары стандартта осы норматив бойынша салынып жатыр.

Бұдан бөлек, көктемгі су тасқыны кезінде таудан келетін судың арнасын бағыттауға арналған жол бойындағы үш апаттық жағдайдағы құбыр ауыстырылуда.

Алмас Қасенов, «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ ШҚОФ директорының орынбасары:

Бұл жол негізі өткен ғасырдың 60 жылдары жол негізі қаланған. Бұл таулы аймақ болғандықтан құнарлы топырақтан ғана қаланды. Қазіргі кезде жөндеу жұмыстары кезінде қиындықтарда туындады. Жоба бойынша 5000 куб ісіну болса, қазіргі таңда 50 мың текше метр кубқа жетті.

Жөндеу жұмыстары аяқталған соң жол белгілерін ауыстырып, жол таңбалау жүзеге асырылады.


Салтанат Кеңесбекқызы