Үлкен Нарын ауданы мерейтойын атап өтті. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осыдан бір жыл бұрын Үлкен Нарын ауданын қайта құру туралы жарлыққа қол қойған болатын. Атаулы күнге орай аудандық мәдениет үйінде мерекелік кеш ұйымдастырылды.
Үлкен Нарын ауданының мерейтойына алыс-жақын аудандардан, Астана, Алматы қалаларынан қадірлі меймандар келді. Үлкен Нарынның қайта құрылғанына жергілікті тұрғындар дән риза. Аудан халқы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа өз алғыстарын білдірді.
Дүйсен Бралинов ұзақ жылдар бойы Катонқарағай аудандық мәслихатының төрағасы болып қызмет атқарған.
Мерейтойға Алматыдан ат терлетіп «МУЗАРТ» тобы келді. Олар Үлкен Нарындықтарды мерекелерімен құттықтап, әннен шашу шашты.
Жас келсе іске. Аудан әкімі Елдос Байрахметов аз уақыт ішінде бірқатар маңызды бастамаларды іске асырды. Алдағы уақытта да атқарар шаруа ауқымды деп отыр аудан басшысы.
Бұдан бөлек Жұлдыз ауылында күрделі жөндеуден өткен мәдениет ошағы күрделі жөндеуден өтіп, қолданысқа берілді. Ауылдық клубтың ғимараты ұзақ жылдар бойы қараусыз қалған.
Алдағы уақытта аудан орталығының көшелерін, байланыс пен интернет желісін ретке келтіру, тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету көзделіп отыр.