Республикалық маңызы бар «Өскемен-Алтай» трассасының бойында «Қазселденқорғау» құтқарушылары жасанды жолмен қар көшкінін түсірді. Мұндай жұмыс қауіптің алдын алуға бағытталған.

Облыста барлығы 325 көшкін қаупі бар аймақ бар. Ондағы жағдайды «Қазселденқорғау» облыстық филиалының мамандары бақылап, мониторинг жасайды.

ТЖД мамандарының айтуынша, екпінді жел соғып, қар жауғаннан кейінгі алғашқы 3-5 тәулік қар көшкіні жүруі ықтимал кезең. Осы уақытта неғұрлым сақ болып, таулы жерге жолға шықпаған абзал.