Журналистердің кәсіби білігін арттыру мақсатында облыс орталығында семинар-тренинг өтті. БАҚ өкілдерінің басын бір арнаға тоғыстырған жиынды Түркітілдес журналистер қоры ұйымдастырды. Қатысушылар «Медиадағы жасанды интеллект және медиа этика» тақырыбында дәріс алып, өзара тәжірибе алмасты. Бұдан бөлек, мамандар қаржылық сауат тақырыбында сөз қозғап, тың деректер ұсынды.
«Түркітілдес журналистер қорына» биыл 11 жыл. Қордың жанынан Қазақстандағы Әйел журналистер клубы, Жас журналистер мен Медиа тренерлер мектебі жұмыс істейді. Мақсат — қазақ тілінде ақпарат тарататын тілшілердің кәсіби білігін арттырып, шеберлігін шыңдау. Облыс орталығында өткен жиында БАҚ өкілдері әуелі қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған дәрісті тыңдады.
Нәзия Жоямергенқызы, Түркітілдес журналистер қорының президенті:
Халықпен қаржылық сауат жобасының шеңберінде ұйымдастырылып отырған. Журналистикадағы «Жасанды интеллект және медиа этика» семинар-тренингіміз.Тренингті бастаған болатынбыз. Алты қалада: Шымкент, Қызылорда, Түркістан, Ақтау, Ақтөбе, Атырауда. Биылдан бастап біз бес қаланы жоспарланғанбыз. Ол – Орал, Семей, Тараз, Қостанай және Өскемен. Өскемен біздің биылғы жоспарлаған соңғы қаламыз. Қазір бұған барлық ауданнан және қаладан журналистер жиналып жатыр. Қазақша жазатын, қазақша ақпарат тарататын әріптестер.
Қаржылық сауаттылық – керек ілім. Әр адам үшін ақшаны үнемді әрі тиімді жарату аса маңызды. Технология дамыған заманда алаяқтардың құрығына түсіп қалу бек мүмкін. Ал қоғамда ақ пен қараны ажыратып, пайдалы ақпарат тарату - БАҚ өкілдерінің парызы.
Әлия Әубәкірова, Облыстық мәдениет басқармасының баспасөз хатшысы:
Қаржылық сауаттылық жайлы сабақ өтті. Өте керемет презентация жасалыныпты. Біз халықпен тығыз жұмыс істейтіндіктен, оларды дәл осындай ақпаратпен қамтамасыз етуіміз маңызды. Қазіргі таңда ғаламтор желісінде алаяқтық өршіп тұр. Сондықтанда бұл бізге жан-жақты ақпарат бергендігі маңызды болды.
Семинар барысында журналистер медиада жасанды интеллектті пайдалану, кәсіби этика, дата журналистика, монетизация және фотовизуализация тәсілдерін меңгерді. Қатысушылар жасанды интеллект көмегімен авторлық сайт жасап, ақпаратты өңдеп, контент қалыптастырды.
Дарын Нұрсапар, «Bizdiң Өskemen» сайтының басшысы:
Жаңашылдық қазіргі заманда ақпараттың жаңағы ағымы үлкен ғой. Сондықтан техникалық даму, ақпараттың техникалық дамуы бір орында тұрмайды. Өте жылдам даму үстінде сондықтан журналистер заман ағымынан қалмай техниканың жылдам меңгеріп, ақпаратты сапалы тараатып, адамдардың жаңағы алаяқтарға алданып жатқан басқа да, шынайы ақпарат таратып меңгеру тиіс. Соны біз меңгеріп жатырмыз қазір.
Дәулет Абылқасымов, Глубокое аудандық «ЕРТІС АЛАУЫ» газетінің редакторы:
Бүгінгі семинарда жалпы жұмыс барысында қолданылатын әртүрлі тетіктерді көрсетіп жатыр. Соның ішінде мынау жасанды интеллект пен қалай жұмыс істеу керек. Соның жолдары көрсетілді. Жұмыс барысында біз әрине Ж.И пайдаланамыз. Жұмысымызда бүгін семинарда көрсетілгендей практикалық түрде көрсетілгендей фото өңдеу, мәтіндерді өңдеу, дауыстарды өңдеу. Журналистикаға ең қажетті бағыттарды жұмыс істеуді үйрендік.
БАҚ арқылы қаржылық сауатты қоғам қалыптастыру – шараның басты ұраны. Ал замана ағымына тез ілесіп, ақпаратты асқан шеберлікпен беру – қазіргі журналистке қойылар талап. Семинар-тренинг тілшілерге тың серпін берді, дейді қатысушылар.
Дидар Ерболатқызы