Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің жас көшбасшылары мен дарынды талант иелері өңірде ұйымдастырылған этнофестивальге қатысып, қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрі, әдет-ғұрпымен танысты. Шара барысында ұйымдастырушылар қонақтарды әсем табиғаттың аясында Шалқар көлінің жағасында қарсы алды.
Шалқар көлінің жағасына ұлттық нақыштағы бірнеше киіз үй тігілген. Әрқайсысы қазақтың бай мұрасын паш еткен. Келушілер мәдениет пен ұлттық өнердің көздің жауын алар туындыларымен танысып, тарихтан сыр шертетін құнды ақпаратқа қанықты. Сонымен қатар арнайы ұйымдастырылған көрмені тамашалады.
Қуат Оқасов, Ұлан ауданы әкімінің орынбасары:
Бұл жерде біздің қонақтарымыз ұлттық ойындарды көреді. Оның ішінде тоғызқұмалақ. Аударыспақ. Теңге ілу, садақ ата алады. Атпен түйемен жүруге мүмкіншілік ала алады. Және асық атып, тоғызқұмалақ үйренуге мүмүкіншіліктері бар. Одан басқа бізде осы киіз үйлердің бәрінде мына біздің көрмеде бұрынғы салт-дәстүрлерімізді көріп, көне аспаптармен қолөнерін көруге мүмкіндік алады.
Бұдан бөлек киіз үйдің кіреберісінде халық фольклорлық «Бескөл» ансамблі өнер көрсетті. Қолөнер шеберлері өз туындыларын паш етті. Ұлттық ойын түрлеріне қатысты да тың ақпараттар берілді.
Назым Байгелдинова, ШҚО тоғызқұмалақтан ұлттық спорт федерациясының атқарушы директоры:
Тоғызқұмалақ бұл тек қазақ халқының әдеп ғұрыптарына негізделген біздің зияткерлік ойындарымыздың бірі. Мұнда қазақ халқының барлық әдет-ғұрыпы, дәстүрі, сол заманда өткен көшіп-қону, салт-дәстүрге байланысты көптеген философиялық мазмұн жатыр деп есептейміз. 2020 жылы аталмыш тоғызқұмалақ ойыны ЮНЕСКО материалды емес құндылықтар тізіміне енгізілген болатын.
Этнофестиваль аясында түрлі шаралар ұйымдастырылды. ШЫҰ делегаттары түйе мен атқа мініп, спорттық жарыстарға қатысты. Арқан тартып, садақ атуға мүмкіндік алды.
Ермек Хапизов, Ресей Федерациясы делегациясының жетекшісі:
Мен этникалық қазақпын. Осындай шараға қатысқаныма өте қуаныштымын. Біз қазақтың дәстүрімен таныстық. Бүгін өмірімде үшінші рет түйеге міндім. Ұлттық дәстүр, мәдениет және халықтың күнделікті өмір тынысы мен тіршілігі сл қалпында сақталған. Осы шараға қатысушылар өз елдеріне оралғаннан кейін қазақтың бірегей мәдениеті туралы ой бөлісе алады деп сенемін.
Жандос Ақтаев, «Esbol Qory» қорының төрағасы:
Әр мемлекеттен енгізі 3 делегаттан негізделген. Ол жастар ұйымының өкілдері, талантты жасардың өкілдері, кретаивті индустрия болсын, әнші болсын кез келген сферадан. Ал үшіншісі осы жастар ұйымдарында жалпы активист болып жасайтын өкілдер болып табылады. Оған қоса жалпы ШЫҰ секретариятынан бір өкіл келді.
Бағдарлама соңында ШЫҰ делегаттары ұлттық тағамнан дәм татты.
Салтанат Кеңесбекқызы