Жаз – демалыс пен тынығу маусымы. Бұл азаматтар су айдындарына отбасымен демалуға аттанатын кезең. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Зайсан ауданының полиция және төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары бірлесіп күн сайын рейдке шығып, жағажайда бекітілген ережелердің сақталуын қамтамасыз етеді.

Зайсан ауданында суға шомылу маусымы басталысымен қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Төтенше жағдайлар бөлімі мен жергілікті полиция қызметі бірлесіп, су айдындарында рейд өткізуде. Демалушыларға қауіпсіздік ережелері жазылған ақпараттық парақшаларды таратуда.

Жанбота Бақтияров, Зайсан АПБ ЖПҚБ бастығының орынбасары:

Зайсан ауданы бойынша Жеменей өзені арнасында су қоймасы бар. Бұл аумақта суға түсуге, шомылуға тыйым салынған. Суға шомылуға рұқсат етілмеген аумақта суға шомылғандар анықталса, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 364-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Осы бап негізінде күнделікті жұмыстар атқарылып жатыр.

Мамандар суға шомылу рұқсат етілмеген орындарға бару, қауіпсіздік ережелерін ескермеудің соңы қайғылы жағдайға әкеп соғуы мүмкін, дейді.

Ердос Қуанғанов, Зайсан аудандық ТЖБ аға инженері:

Зайсан аудандық полиция бөлімі мен ТЖБ күнделікті берлесіп, судағы қауіпсіздікке қатысты рейд жұмыстарын жүргіземіз.Адам өмірін алдын алуға байланысты.Жылда адам өміріне қауіп төнеді. Соған байланысты адам өмірін алып қалу үшін, адамдарға судағы қауіпсіздікке байланысты.Ережені бұзғандарға ескерту беріліп, немесе айыппұл салынуы мүмкін.

Алдын алу шараларына еріктілер де жұмылдырылған. Түсіндіру жұмыстары барысында балалар мен жасөспірімдерге ерекше назар аударылған.


ҚУАНЫШ АМАНТАЙҰЛЫ