Өңірде өндірістегі жарақат алу көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда төмендеген. Жазатайым оқиғалар саны азайып, еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуы күшейген. Бұл - еңбек инспекциясы жүргізген жүйелі бақылау мен профилактикалық шаралардың нәтижесі. Жыл басынан бері еңбек заңнамасын бұзу фактілері бойынша бірнеше мекемеге айыппұл салынып, нақты шаралар қолданылды.

Биылғы жылдың алғашқы алты айында еңбек қауіпсіздігі саласында 166 тексеру жүргізіліп, 188 заңбұзушылық анықталды. Жұмыс орындарында 45 жазатайым оқиға тіркеліп, 50 адам зардап шекті, оның ішінде 6 адам қаза тапқан.

Бақытбек Қизатов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы:

Осы алты айда біз 790 жеке және заңдытұлғалардың өтініштері қаралды, 166 тексеру өтіздік. 103 ұйғарым беріліп, 17 млн.теңге сомасына 67 айыппұл салынды. Облыс кәсіпорындарында 45 жазатайым оқиға болды, нәтижесінде 50 адам зардап шекті, соның ішінде 6 адам өліммен аяқталды, 25 ауыр зардаппен және 19 ы жеңіл зардаппен болды.

Еңбек қауіпсіздігін бақылау мақсатында облыстағы 4 мыңға жуық ұйым тексерістен өтті. Қабылданған шаралар нәтижесінде жүзден астам қызметкерлердің жалақысы толық өтелді. Алайда кейбір кәсіпорындарда әлі де болса еңбеккерлердің алдындағы берешек өтелген жоқ.

Бақытбек Қизатов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы:

Жыл басынан бері 74 кәсіпорында 304 қызметкерге 175,5 млн теңге мөлшерінде жалақы қарызы төленді, оның ішінде оңалту сатысындағы 1 кәсіпорында жалақы берешегі толықтай жойылды. Енді жалақының қазіргі кезде қалып отырғаны бойынша 7 кәсіпорында 347 қызметкердің алдында 208 млн. теңгені құрайды.

Айта кету керек, жыл басынан бері өңірде бірде-бір еңбек дауы тіркелген жоқ. Бұл - жұмысшылардың құқықтарын қорғауға бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесі.


БЕКАРЫС СЕКЕН