Негізгі Жаңалықтар Қала күнінде 50-ден астам мерекелік шара өтеді

Қала күнінде 50-ден астам мерекелік шара өтеді

Қала күніне арналған мерекелік іс-шараларға дайындық қызу жүріп жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте шаһар басшысы Алмат Ақышов мәлімдеді. Биыл қала тұрғындары мен қонақтары үшін 50-ден астам мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шара ұйымдастырылады. 

Мерекелік бағдарлама Арбатта өтетін арт-фестиваль мен «Dance Battle» байқауынан басталды. Сонымен қатар «White Party Oskemen», «Ұлы дала батырлары» жекпе-жек турнирі, «Кәуап фест», «Oskemen Night Run» түнгі жүгіру жарысы, ақындар айтысы, «Oskemen Retro 2026» фестивалі, батпырауықтар фестивалі және классикалық музыка кеші ұйымдастырылады.

Алмат Ақышов, Өскемен қаласының әкімі:

Біздің іс-шараларымыз 5 күнде өтеді. Ол бүгіннен басталады.Және де 5 күнде 54 іс-шара өтетін болады. Оның барлығы халықтың әртүрлі санатындағы азаматтарды, әртүрлі жас ерекшелігі бойынша, қаланың әрбір түкпір-түкпірінде ұйымдастырылатын болады. Айтыс деген ежелден келе жатқан біздің поэзиямыздың бір түрі, біздің мақтанышымыз, Сондықтан осы жанрды дәріптеу, оны халық арасына енгізу біздің мақсатымыз. 

Бұдан бөлек, қалада балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы өтіп, тұрғындарға ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынатын «Бал фестивалі» жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Ал мерекенің шарықтау шегі 30 тамыз күні Республика алаңында. Мұнда қазақстандық эстрада жұлдыздары Меруерт Түсіпбаева, Amre, Жігер Ауыпбаев, Серік Ибрагимов, Daricorn, Еңлік, Ninety One және «Краски» тобы өнер көрсетеді. 

Алмат Ақышов, Өскемен қаласының әкімі:

Әртүрлі форматтағы, әртүрлі жастағы, қызығушылығы бар адамдарды жинақтайтын әртістердің тобын құрдық, Бұлардың барлығы 30 күні кешке өтетін концертімізде өнер көрсететін болады. 

Мерекелік кеш әсерлі отшашумен қорытындыланады. Осылайша, Өскеменнің қала күніне арналған ауқымды мерекелік бағдарлама өз мәресіне жетеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, басты мақсат – тұрғындар мен қала қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, шаһардың мәдени және қоғамдық өмірін жандандыру. 

Бекарыс Әмірбек

Бөлісу

Аймақтық телеарналар