Негізгі Жаңалықтар Өңірдегі жаз мезгілі

Өңірдегі жаз мезгілі

Биылғы жаздың соңғы күндері де өтуде. Үш ай бойы аптап ыстық та, жаңбырлы әрі салқын күндерде болды. Кей өңірлерде ауа температурасы қалыпты көрсеткіштен жоғары болса, кей жерлерде жауын-шашын жиі байқалды. Жалпы, қалада биылғы жаздың ауа райы қалай есте қалды?

Жаз — жыл мезгілдерінің ішіндегі ең жылы кезең. Алайда биыл ауа райы бірқалыпты болған жоқ. Күннің күрт ысуы тұрғындардың күнделікті тіршілігіне әсер етті.

Шынар Базарова, «Қазгидромет» РМК ШҚО филиалының бөлім басшысы:

Жаз ең басты температура фонының жоғары болуымен өтті. Әсіресе шілде айында байқалды. Жауын-шашынның да мөлшері азайды. Құрғақшылық пайда болып, сондықтан оны тұрғындар да байқады. Жауын-шашын аз болғандықтан температурный фон жоғарылап, қатты ыстық тұрақты күндер байқалды.

Мамандардың айтуынша, соңғы жылдары ауа райының құбылмалылығы жиілеп келеді. Жаз айларында жоғары температурамен қатар жауын-шашын болуы климаттық өзгерістердің бір көрінісі.

Шынар Базарова, «Қазгидромет» РМК ШҚО филиалының бөлім басшысы:

Осы аптадан бастап құбылмалы ауа-райы болады. Келесі онкүндігімізде 27. 32-ге дейін баруы мүмкін. Түнімен басқа өңірлер әсіресе Шығыс өңірлерде температура фоны төмендеуі мүмкін. Жалпы Өскемен қаласында 27,30 мөлшерінде сақталуы мүмкін.

Алдағы күндері ауа райының біртіндеп салқындауы күздің жақындағанын аңғартады. Дегенмен синоптиктер ауа температурасының әлі де құбылуы мүмкін екенін ескертеді.

Аяулым Усинова

Бөлісу

Аймақтық телеарналар